- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Физика кафедрасының оқытушылары Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт Күн электр станциясына «Өнеркәсіп үшін жасыл энергетика» бағыты бойынша барып қайтты

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай университет «Парасат» кәсіподағының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында болған байқаудың ақтық сыны өтті.

Қазақстандық ғалымдар Алия Ерназарова мен Арман Баймұхамедов жердің ең суық континентін зерттеу үшін Антарктидаға аттанды. Олар мұзды материктегі микрофлора мен микрағзаларды анықтайтындығын және Антарктиданың ауа -райының адам денсаулығы мен психологиялық сезіміне әсер беретін ықпалдарын табуды көдейтіндігі жөнінде айтқан болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Математика және механика ҒЗИ ғалымдары Медеудегі судан қорғау нысанының математикалық және компьютерлік модельін жасап шығарды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физико-химиялық әдістердің зерттеу және сараптау орталығы кремний күн элементтерінің фотоөзгерісін арттыратын технологияны жетілдірді.

Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерейтойы- барлық қазақстандықтар үшін Қазақстан халқының тарихи жетістіктерінің жарқын белгісі. Бұл жылдар ел үшін өрлеу мен дамудың дәуірі болды.

ҚазҰУ-дың Қоғамдық Денсаулық Сақтау Жоғары Мектебі «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасында «Медициналық көмек көрсетуге байланысты қоздырушы инфекцияның мониторинг жүйесін ұйымдастыру» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Бұл туралы ҚазҰУ-ға Сорбонна Париж-Сите және Париж-Дидро университеттерінен делегацияның келуі барысында белгілі болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінде 3D-принтинг пен адиттивті технологиялар бойынша шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын "Компьютерлік үлгілеу және биоинформатика республикалық орталығы» ЖШС және Қазақстанда 3D-принтерлерді алғаш өндіруші 3D Lab компаниясы ұйымдастырды. Компания кепілдік пен сервистік қызметті қамтамасыз ететін 3D-принтерлерді ойластырып, өндірумен айналысады. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркінің көмегімен "Компьютерлік үлгілеу және биоинформатика республикалық орталығы» мен 3D Lab компаниясы 40 сағатқа созылған 3D-басып шығару курсын оқытуға қабылдап жатыр.

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталығының ашылуы Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығын нығайтуда маңызды оқиға болды. Ашылымның салтанатты рәсімі Түркияның беделді оқу орны Стамбұл университетінде өтті.