- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгінде тәуелсіз еліміздің әлемдегі экономикасы мықты, әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін өзге де факторлармен қатар білімді, білікті жас мамандардың болуы ауадай қажет. Сондықтан да, білімді ұрпақ даярлау мәселесіне мемлекет тарапынан үлкен мән берілуде.

Алматыда тәуелсіздік күніне орай өткен жыр мүшайрасында университетіміздің «Шығыстану» факультеті қытайтану кафедрасының 2-курс магистранты Қауымбек Қайсар бас жүлдені иеленді.

Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Егеменді Қазақстан қызметіндегі Қазақстан Республикасының дипломатиясы» атты шара ұйымдастырылып,танымал қазақстандық дипломаттар А.Ш. Джамбуршин және Қ.И. Исағалиевпен кездесу өтті.

ҚазҰУ-да студенттер үшін ұсынылатын қызметтердің көптеген қолжетімді түрлері баршылық. Университетімізде студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Кампус аумағында студенттер контингентін сапалы да жылдам қызметтер кешенімен қамтамасыз ету мақсатында ашылған Кереметте барлығы бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теория және эксперименттік ҒЗИ ғалымдары қалың квазиклассикалық плазмада атоммен электрондардың соқтығысу үдерісінің өзара әрекеттесуін, яғни атоммен электронды тартып алу және атомның электрондық деңгейін өршітуді зерттеп шықты. Жобаға ф.-м.ғ.д., профессор К.Н. Жұмағулова жетекшілік етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ашық алаңдағы ұлттық нанотехнологиялық лаборатория» ғалымдары композиттік материалдарда толтырғыш ретінде пайдалану мақсатында графит пен графен оксидінің нанобөлшектерін алудың тиімді технологиясын ойлап тапты. Жоба жетекшісі ф.-м. ғ.д., проф. А.М.Ильин.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика және механика ҒЗИ ғалымдары мұздануға қарсы жүйесі бар айналма сипатындағы желэлектр қондырғысын ойлап тапты.

Шығыстану факультетінде «Жарнама мәтіндерін аудару ерекшеліктері» атты республикалық дәрежеде шеберлік сағаты өтті. Шараны қытайтану кафедрасының доценті Аида Кенжебаева «Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәні аясында ұйымдастырды.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ішкі ортаның турбуленттік жағдайында Қазақстан экономикасын дағдарысқа қарсы басқару»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық ISO 9001:2008 стандарттар талаптарына сәйкестігі бойынша сыртқы бақылау аудитінен өтті.