- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Механика-математика факультетінің информатика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер сарайында «Алау» тобының бір жылдығына арналған мерекелік кеш болып өтті.

Үш мың жылдан астам тарихы бар қытай асханасы қытай мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ұлы ойшылы Конфуций қытайлардың дәстүрлі тағам дайындауын ерекше өнер ретінде есептеген. Ол дұрыс дайындалған тағам денсаулықтың кепілі, ал қайнатылған хош иісті шәй мен оған сәйкес тәттілер кез-келген аурудың емі екендігіне сенеді.

Қазақ ұлттық университеті базасында құрылған Кәсіби даму және ынтымақтастық орталығы үкіметаралық Қазақстан-Британ «Ньютон - Әл-Фараби» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және British Council арасындағы әріптестік жоба ретінде «Тиімді презентация» және «Ғылыми жұмыстарды жазу» семинар-тренингін өткізді.

Алматыда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, ҚазҰУ-дың «Сұңқар» кәсіподағының ұйымдастыруымен қалалық ЖОО арасында «Тәуелсіздік жастары» атты шағын-футболдан турнир өтті.

ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына және жас кәсіпкерлерге арнап белгілі халықаралық бизнес сарапшы Константин Шамбер «Дағдарыс жағдайында өзіңнің табысты бизнесіңді баста!» атты шеберлік сағатын өткізді. Кездесу жастарға бизнес білім беру жобасы аясында өтті.
ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорттық медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

ҚазҰУ-дың Ұлттық нанотехнологиялық зертханасының мамандары түрлі катализатормен бір өлшемдік және кіші өлшемдік микробөлшектер негізінде композиттік материалдар құрастырды.

ҚазҰУ-дың экология мәселелері ҒЗИ ғалымдары мұнайдың тірі ағзаға түсуі ДНҚ мен мутация жарылуының көбеюіне алып келетінін дәлелдеді.

Экономика және бизнес жоғары мектебінде жас ғалымдар мен студенттерге арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы және Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

ҚазҰУ-дың «Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар» ҒЗИ ғалымдары гомогенді және гетерогенді катализаторлардың қатысуымен тотықтандыратын және қалпына келтіретін реакцияны қолдану негізінде құрамында күкірті төмен жоғарысапалы моторлы отын алу тәсілін ұсынды