- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
15.11.2016 Марапат төрінде – ұстаздар
Жуырда механика-математика факультетінің академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы үлкен залында ҚР Қазақстан ұстаздары қоғамының салтанатты марапаттауы өтті.

Тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Аңсаумен жеткен аманат!" атты мәдени іс-шара өтті.

Философия және саясаттану факультеті Алматы облысының дін істері басқармасымен білім және ғылым саласында ынтымақтастықты кеңейту бойынша бір қатар мәселелерді талқылады.

Әлеуметтік денсаулық сақтау және медицина жоғары мектебінің 3 курс студенті Умида Сыздықова екінші дүниежүзілік соғыс батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаза Доспановалардың рухына арналған әйелдер арасында өткен халықаралық бокс жарысында жеңімпаз атанды

ҚазҰУ ғалымдар қатерлі ісік ауруын емдейтін дәрі ойлап тапты

ҚазҰУ-дың спорттық кешенінде 1-курс студенттері арасында «Ректор кубогі» жарысы өткізілуде

Қытайтану кафедрасы іргелі білім мен кәсіби-қолданбалы дайындықты ұштастыру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді және осы мақсатта жыл сайын студенттерге арнап жұмыс берушілердің арнайы түрлі тақырыптағы ашық дәрістерін ұйымдастыруда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 11 қарашада журналистика факультетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Сауле Хатиятқызы Барлыбаеваның 60-жылдық мерейтойы мен Дүниежүзілік теледидар күніне арналған «Қазақстан телеиндустриясындағы жаңа трендтер: технологиялар мен контент» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министр генерал-полковнигі Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасын орындау мақсатында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында студент-түлектерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу және әскери қызметтерін өткеру ережелері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарының аптасы өткізілді.

ҚазҰУ студенттері екі күн бойы Өскемен, Павлодар және Семей қаласының оқушыларына тренингтер мен конференциялар арқылы БҰҰ моделі жөнінде толыққанды ақпарат берді. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуына себеп болған – аталмыш мектепте оқытылатын «БҰҰ моделі» атты курс және оның жаңаша жобалануы.