- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Журналистика факультетінде оқытушы ф.ғ.к. Ә.Молдабековтің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Телерадиокешені Алматы филиалының басшысы Назгүл Әбутұрапованың шеберлік сағаты өтті.

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс магистранттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында республикалық Орталық мұражайда болып қайтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бостандық ауданының «Нұр Отан» бөлімшесінің бастауыш партия ұйымының семинары өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы корей тіліндегі автобиографиялық кітаптың тұсаукесері 9 қараша күні Корея Республикасының астанасы Сеул қаласындағы Ёнсе университетінде өтті. Бірегей басылымның авторы – белгілі мемлекет және саясат қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, профессор Махмуд Базарқұлұлы Қасымбеков.
ҚазҰУ мен Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашық білім беру ұлттық платформасының тұсаукесу рәсімін өткізді. Алғашқы отандық онлайн-білім беру платформасын құру бастамасына ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін мамандарды даярлап жатқан университеттермен қоса Қазақстанның 12 жетекші жоғары оқу орны қосылды.
Жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысу мақсатында Алматы қаласы бойынша жастар ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті.
"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, ҚазҰУ студенттерін тағы бір қуанышқа бөледі. Бұл жолғысы - КВН. Маусымашар тақырыбы: "Алматы - жастар қаласы". Оңтүстік Астанада, студенттер сарайында, естен кетпес әзіл кеші өтті. ҚазҰУ-дағы 14 факультеттен 16 команда қатысып, үздіктері жартылай финалға жолдама алды. Мұнан бөлек, маусымашарда "ең үздік ойыншы", "ең үздік әзіл", "ең үздік жанкүйерді" анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Командалардың дайындығы, жанкүйер қолдауы ерекше болды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ жаһандық даму (UNAI) хабының жетекші ролі мен жоғары жетістіктерін атап өтті. Бұл туралы 2016 жылдың 4 қарашасында Сеулда өткен академиялық ықпалдастық туралы III халықаралық форумында айтылды.

Халықаралық қатынастар факультетінде «Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында «Салауаттық– өмір негізі» атты флешмоб өтті

Шанхайдың саяси-заңгерлік университетінің делегациясы Лиу Сиахонг президентінің бастауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болып қайтты.