- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың О. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Almaty youth awards» және «Отандық кино күні» жобаларының аясында «Аманат» фильмі студенттердің назарына ұсынылды.

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партия фракциясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың «Полемическая экономика» атты орыс тілінде жарық көрген жинағының тұсаукесері өтті.

Беделді «The Best School» америкалық ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Қазақстанның үздік жоғары оқу орны деп атады.
«The Best School» білім беру мәселелерімен айналысады және студент жастарға білім беру бағдарламаларын, оқу мен жоғары оқу орнының географиялық орнын дұрыс таңдауға көмектеседі.

«Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның кезекті шәкіртақы табыстау рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде Семейядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына орай «Жастар ядролық қарусыз әлемі үшін» атты студенттік форумы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жағдаяттық басқару орталығы ашылды. Орталықты құру жөніндегі жоба университет менеджменті мен қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық түрлендірудің жалғасы болып табылады.
Әл-Фараби кітапханасында Индияның қарулы әскери басқармасы Институты өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басты мәселе – Орталық Азиядағы қауіпсіздік және екі жақтың қарым - қатынастары жөнінде өрбіді.

ҚазҰУ-да 25 қазан күні "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кəсіподағының ұйымдастыруымен, ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанұлының «Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында мини-футболдан дəстүрлі "Сұңқар кубогы" чемпионаты өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» атындағы кітапханасында Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1986 жылғы желтоқсанның 30 жылдығына арналған форум-конференциясы өтті.

ЕАЭК мәселелерін дамыту жөніндегі стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресейдің жаратылыс тану ғылым Академиясының вице-президенті Анатолий Спицын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды.