Жаңалықтар

Жаңалықтар


19.10.2016 Жоғары қуат векторы

Еуропалық ядролық зерттеу ұйымының өкілдері халықаралық қатынастары бойынша директоры Шарлотта Линдберг Варакаулленің басшылығымен ҚазҰУ болып қайтты.


19.10.2016 ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы бірінші орында

2016 жылдың 14 қазанында  ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының кубогы үшін Алматы қалалық дебат-турнир осы институт 15-жылдығы аясында өтті.


18.10.2016 Қазақ тілінде сөйлейтін Оңтүстік корейлік жігіт

Қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Иу Доеол Тілдер мерекесі қарсаңында «Қазақ радиосының» тыңдармандарын және «Қазақстан» телеарнасының көрермендерін қазақ тілі білімімен таң қалдырды. Оңтүстік Кореядан келген Доеол ҚазҰУ-нің дайындық факультетінде бір жыл білім алып, биыл қытайтану кафедрасына «Аударма ісі» мамандығына оқуға түсті.


18.10.2016 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті халықаралық бәйгеде 1- ші орынды жеңіп алды

Солтүстік Кореяда шетелдік студенттер арасында өткен 12- ші эссе және шешендік өнер бәйгесінде Жанаділ Талдыбай үздік нәтиже көрсетті. Халықаралық өнер сайысына Малайзия, Болгария, Ресей, АҚШ, Украина, Индонезия, Монғолия, Қытай, Жапония, Монако және Руанды өкілдері қатысты.


13.10.2016 Биология мұражайына 80 жыл

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология мұражайының 80 жылдығына арналған «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.


13.10.2016 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАСЫ – ТАМҒАЛЫ-ТАС!

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дені саудың – жану сау!» жобасы аясында «Мәдени- танымдық орталық T-MAGBERD» атты жаңа жобаны іске асыру мақсатында төменгі шараларды іске асырып жатыр:


12.10.2016 "Enactus KazNU" командаcы "Enactus World Cup 2016" әлемдік чемпионатына қатысып қайтты

Канаданың Торонто қаласында студенттік бизнес жобалар бойынша "Enactus World Cup 2016" әлемдік чемпинаты өтті. Бұл дүбірлі додаға университеттің атынан бару бақытына топ эдвайзері Ләйла Бимендиева, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттері Сұлтан Жаңбыр мен Жазира Бердыбай ие болды.


11.10.2016 Ғалымның ізі

ҚазҰУ-да Сарсембинов оқулары шеңберінде «Кондесирленген физиканың, нанотехнологияның және наноматериалдардың заманауи мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.


11.10.2016 Жасыл технологиялар

ҚазҰУ-ға ғылыми білім беру бағытында әріптестік орнату мақсатымен Қазан ұлттық ғылыми-технологиялық университетінің (ҚҰҒТУ) ректоры Герман Дьяконов бастаған делегация келді.


10.10.2016 Келісімшарт жүзеге асуда

Қиыр Шығыс кафедрасының әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен оқыту және ғылым саласындағы тығыз халықаралық байланысы оқытушылардың үнемі кәсіби деңгейін дамытуға, біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп, шетелдік ұйымдардағы дәрістер мен шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік береді. Шетелдік университеттермен тәжірибе алмасу мақсатында ҚазҰУ оқытушылары тағлымдамадан өтеді. Әріптестік қарым-қатынастың ең басты нәтижесі – біздің университеттің шетелде кеңінен танымал болуы және шетелдік студенттердің ҚазҰУ-ға оқуға келуі.