- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-да университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде 1-курс студенттері арасында өтетін «Жалын» көркем өнерпаздар фестивалі өз мәресіне жетті.

Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық Абай клубының және «AMANAT» әдеби жорналының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Қыркүйектің 27-30 күндері біздің университетімізге Ph.D профессор Войцех Кулеса (Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университеті, Варшава қ., Польша) іс-сапармен келді. Войцех Кулеса мырза – әлеуметтік психолог, әлемдегі қолданбалы әлеуметтік психология саласындағы жетекші мамандардың бірі, ол ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің ғалымдарымен, оқытушыларымен, студенттерімен кездесті.

ҚазҰУ-дың спортшы студенттерінің елімізде ғана емес сонымен қатар халықаралық аренада бағындырып жүрген биік белестері университет жастарының асқан дарындылықтары мен шеберліктерінің айқын көрсеткіші. Қазақ күресінен өткен ІІІ әлем чемпионатында ағайынды Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар 60 және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2 алтын медальға ие болды.

Шығыстану факультеті Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесе отырып, тірі өсімдіктерден композиция құру өнері жайында таныстыру дәрісін ұйымдастырды. ҚазҰУ студенттері Жапонияның ең әдемі және көне салт-дәстүрлерінің бірімен танысты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты Дүниежүзілік Конфуций институты күнін атап өтті. Мерекелік іс-шараға ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Қытай, Румыния және Македония елдерінен келген шетелдік қонақтар, сонымен қатар ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасы мен Алматы қаласының басқа да жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
30.09.2016 Болашақ қаламгерлер тәрбиешісі
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Лариса Мұхамадиева үстіміздегі жылы елуге толған мерейтойын және ширек ғасырлық ғылыми-педагогикалық қызмет өтілін атап өткелі отыр.
«Қазіргі Қазақстандағы дін және жастар» дөңгелек үстел аясында Арбатта дінтану және мәдениеттану кафедрасы Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып көпшілік акциясын ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.
29.09.2016 "Сұңқардың" жаңа төрайымы тағайындалды
ҚазҰУ механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы үлкен залында "Сұңқар" студенттер кәсіподағының есептік-сайлау конференциясы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ радиосының шығармашылық ұжымын республика бұқаралық хабар құралдарының басты буындарының бірі, еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар беделді журналистік ұйым – Қазақ радиосының құрылғанына 95 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды!