- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтановтың халықққа есеп беру кездесуі өтті. Іс-шараға студенттер мен олардың ата-аналары, түлектер, ғылыми және педагогикалық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында барлығы мың жарымға жуық адам жиналды.

Халықаралық QS World University Rankings рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындар нық сеніммен алға жылжып келеді және алдағы уақытта осы бағытта әлеуеттерін арттыруға мол мүмкіндіктері бар. Осылайша «Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын арттыру» атты дөңгелек үстел жұмысы барысында QS халықаралық рейтинг агенттігінің Орталық Азия мен Шығыс Европа бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева пікірін білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде бірлескен «Наноинженерияның / көміртекті материалдардың физика және химиясы» IX халықаралық сипозиумы және «Наноэнергетикалық материалдар және наноэнергетика» конференциясы өтті. Іс шараның негізгі мақсаты Европа Одағы, Жапония, АҚШ және ТМД елдерінің ғылыми ұжымдарының арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатыныасты дамыту үшін жағдай жасау. Ұйымдастырушылар ретінде ҚазҰУ химиялық физика және материалатну кафедрасы, РМК «Жану проблемалары институты» және Сібірлік бөлімнің Ресей академиясының ғалымы В.Воеводский атындағы «Химиялық кинетика және жану институты» қатысты.

«Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасына Корей Республикасының бас консулы - Джон Сынг Мин келіп, «Қазақстан Республикасы - Еуразия материгінің ортасы» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастырумен 22 қыркүйек тілдер мерекесіне арналған «Бауырсақ Party» атты науқан өтті.
Мен шығыстану факультеті, корейтану кафедрасының 2-курс студентімін. Мен ҚазҰУ-ға түскеніме өте қуаныштымын. Өйткені қазір біздің университетімізде тіпті жазғы уақытта да шығармашылықпен айналысуға, жастармен араласуға көп мүмкіндіктер жасалған. 1-курс студенті бол тұра мен Сеулдің көшбасшы университеттерінің бірі Ханьян университетінде оқуға мүмкіндік алдым.

Еліміздің ең үздік жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биыл да студенттер қатарын толықтырып, білім нәрімен сусындауға келген талапкерлерді құшақ жая қарсы алды. Өткен аптада өткен жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдауға арналған дәстүрлі мерекелік кеш ерекше көңіл-күйде өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры атына БҰҰ UNAI «Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодараннан алғыс хат келді.
16.09.2016 ҚазҰУ ұстазы
ҚазҰУ ұстазы