- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин ҚазҰУ-дың әскери кафедра ұжымымен және курсанттарымен кездесті.

«Айналаңдынұрландыр» жобасы аясында «Психология» мамандығының 1-ші және 2-курстың еріктілері, Қазақстан және Орта Азия Отбасы институті мен Алматы қаласы әкімшілігі ұйымдастырған қалалық Отбасы күніне қатысты.

ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті бірінші курс студенттеріне арнап ұйымның қызметімен, мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында жәрмеңке өткізді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Катар мемлекетінің Доха қаласына жұмыс сапарымен барып, білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен жүздесті. Кездесу барысында ҚазҰУ мен Катардың жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік мәселелері талқыланды.
«Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына кіру мәдени моделі: ықпалдастық мәселелері және мәдени байланыс» зерттеу жобасының аясында Болгариядан келген ғалымдардың катысуымен этномәдениеттану бойынша бірінші Халықаралық жазғы мектеп өткізілді. Мектеп Философия және саясаттану факультетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтымен бірлесе ұйымдастырылды.

ҚазҰУ-да тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен аға куратор-эдвайзерлер мен куратор-эдвайзерлер мектебінің қатысуымен кең көлемдегі мәжіліс өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізген дөңгелек үстелде идеяның пайда болуынан бастап, еліміздің қазіргі бастамаларына дейінгі ядролық қарусыздану мәселелері талқыланды.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында Болгарияның жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып Қазақстандағы Отбасы күніне орай «Қазіргі замандағы клиникалық психология: мәселелері және болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

ҚазҰУ әлемдік QS рейтингісі бойынша 275 орынннан 236-орынға көтерілді. Бұл ұжымдық жеңіс болғандықтан ҚазҰУ әкімшілігі барша студенттер мен қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй мен сондай жарасымды бір кеш сыйлады.

Қазақ ұлттық университетіне Чехияның премьер-министрінің экс-кеңесшісі, танымал журналист Матиаш Зрноның басшылығымен Чех және Словакия Республикаларының делегаттары келді.