- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
24.08.2016 БАҒДАРЫ БӨЛЕК «БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ»
23.08.2016 Бірінші курс студенттері назарына!
Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атануларыңызбен құттықтаймыз! Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар!

ҚазҰУ ұжымы Сізді Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарындағы жеңісіңізбен құттықтайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Эльмира Сыздыкова Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында еркін күрестен қола жүлдеге ие болды.

ҚазҰУ ҚР БжҒМ бастамасын қолдап, ҚазҰУ-да білім алуды таңдаған «Алтын белгі» иегерлеріне сапалы әрі тегін білім беріп, армандарының орындалуын қамтамасыз етеді. Университет басшылығының шешімімен 10 талапкер өзі таңдаған мамандық бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды. Студенттер университеттің ашық алаңында «Дима, Елдос – Рио чемпионы» сөздері бейнеленген флешмоб ұйымдастырып, Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Елдос Сметовты жеңістерімен құттықтады.

Бүгін жанкүйер қауым әуежайда олимпиада қаһармандары Дмитрий Баландин мен Елдос Сметовті күтіп алды. Қарсы алушылардың басым көпшілігін олар білім алып жатқан ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары құрады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Сізді Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтайды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында «алтын» жүлдені қанжығасына байлады. Ол ерлер арасында брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзуден үздік көрсетікшпен жеңіске жетті. Бұл қазақ спорты тарихындағы Олимпиада ойындарында жүзуден алған алғашқы алтын.

Мемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша ҚазҰУ дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Биыл ұлттық университетте бакалавриатта 3071 студент мемлекеттік грант негізінде білім алады. Олардың көбі "Алтын белгі", ерекше аттестат иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.