- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
10.08.2016
ҚазҰУ-ға түскен 2016 жылғы білім беру гранттары игерлерін құттықтаймыз!
2016 жылғы білім беру гранттары игерлерінің есімдері белгілі болды.
08.08.2016
Жастар таңдауы – ҚазҰУ!
Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық байқау комиссиясының хабарлауынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі ЖОО арасында ең көп грантқа ие болған оқу орны.
05.08.2016
ҚазҰУ агробиостанциясы: басымдықтар мен жаңашылдықтар
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында әлемді, оның ішінде Қазақ елін шарпыған жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығы және әлеуметтің әл-ауқатын қалыпты деңгейде ұстау қажеттілігін басты назарда ұстаумен қатар, осы дағдарыстың салдарларын жеңудің түрлі жолдарын ұсынып келеді.
02.08.2016
Технологиялар тоғысында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті агробиостанциясында Алматы облысы әкімі Амандық Батолов Ұлттық университет басшылығымен және Донгук университетінің (DKU, Оңтүстік Корея) өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда тұқымдық картоп пен құлпынайды өсірудің жаңа әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.
28.07.2016
«Менің қалам Алматы» халықаралық туристік экспедициясы басталды
Іле Алатауы тауларында «Менің қалам Алматы» халықаралық балалар мен жасөспірімдер туристік экспедициясының ашылуы өтті.
26.07.2016
ҚазҰУ жаңа Ұлы Жібек жолында
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық «Жібек жолы» жазғы мектебі өтуде. Әріптестік туралы келісім аясында Гонконг политехникалық университетінен, Сиань көлік университетінен, Пекин технология университетінен барлығы 50-ге тарта студент пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері ағылшын тілінде «Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия мен Қазақстан: экономика, саясат және мәдениет» атты курс тыңдайды.
26.07.2016
Құрметті оқытушылар мен студенттер назарына!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қалашығында АТФ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды.
ЖЫЛДАМ ӘРІ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ! Сіздерді келесі қызметтерді пайдалануға шақырамыз!
21.07.2016
Университет түлегі- 95 жаста!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің басшылығы белгілі мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, университет түлегі Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевты 95-жылдық мерей тойымен құттықтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кореяның Тэгу қаласында орналасқан католиктік университеттен (CUOD) келген физиотерапевт профессор Ким Джун Хи тегін кеңес беруде. Дәрігер Қазақстанға студент-ассистенттерін де ерте келген.
11.07.2016
Мектеп оқушыларына арналған жапон тілі бойынша тегін Жазғы мектеп жұмысы өз мәресіне жетті
Жапон тілі бойынша жазғы мектеп 20-25 маусым аралығында өтті. Іс-шараға әртүрлі мектептердің 9,10,11 сыныптың 20-ға жуық оқушысы белсене қатысты. Мектеп оқушылары бір апта бойы сабақтан қалмай, барша ынталарымен Жапон мәдениеті мен тілін үйренуге асқан қызығушылық танытты. Ал енді әрбір күнге тоқталамыз.