- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Еуропа мен Азия елдерінің ЖОО рейтингісінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10 сатыға көтерілді.
Британдық консалтингтік Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы өтпелі экономикамен Еуропа елдері мен Орталық Азия елдерінің ЖОО рейтингінің үшінші кеңейтілген нұсқасын жариялады.

М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» дипломы мен орденімен, Василий Шукшин медалімен марапатталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы – Сәбит Досанов өзі түлеп ұшқан қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір зор марапатқа ие болды.

әл-Фараби Ғылыми Кітапханасында ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығы» өкілдерінің қатысуымен Халықаралық аккредитациялау күні негізінде «Аккредитациялау – қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерінің бірлескен мәжілісінде университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолы қойылған, университетте тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасының ашылуын ресми түрде растайтын құжатты салтанатты түрде көрсетті. ЮНЕСКО және ИСЕКО жұмыстары бойынша ҚР комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова университеттің тұрақты даму шешіміне қосқан үлесін атап өтіп, Ирина Бокова ханымның: «Тұрақты даму бойынша мақсаттарды табысты іске асыру тек көшбасшылардың мойнындағы жұмыс емес, ең алдымен азаматтық қоғамның жұмысы».

Минералогия, шикізат физикасы мен ғарыш химиясы бойынша Франция ғылым қайраткері, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры Жорж Калас пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен студенттер арасында өткен дөңгелек үстелде топырақтың ауыр металлдармен зақымдану барысының көкейтесті сұрақтары, сонымен қатар, металлдық түр пайда болуы кеңінен талқыланды.

Қазақстан-британдық үкіметаралық «Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған кәсіби даму және қарым-қатынас орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркі "Ғылыми зерттеулердің нәтижесін басылымға шығару" атты семинар-тренингін өткізді. Бір күндік тренинг-семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркінде 2016 жылы 3 маусым күні өтті.

ҚазҰУ-да оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында еліміздегі жоғары оқу орындарының үш тілдік білім беру үлгісіне көшу стратегиясы, жоғары білім беру бағдарламасына «Заманауи Қазақстан тарихы» және «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар» пәндерін енгізу, қолжетімді онлайн курстар ұлттық платформасын ұйымдастыру сынды тақырыптар қарастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2 маусым күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев «Шетел тілдерін жетік меңгерудің замануи-ғылыми негіздері» атты тақырыптағы актілік дәрісін оқыды. Дәріске еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-ларының ректорлары және университет ұстаздары мен студенттері қатысты.
Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы Сиань көлік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Жібек жолы» мәдени даму ғылыми-зерттеу форумына қатысты.

Өткен жылы ҚазҰУ ТМД елдері жоғарғы оқу орындары арасында халықаралық үкіметаралық «COMSATS» (Оңтүстікте тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия) белді ұйымының мүшесі атанған жалғыз университет.