- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша Түлектер күні атап өтілді. ҚазҰУ-дың барша түлектеріне арналған салтанатты шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жуырда VIII «Келешекпен байланыс» медиа конгресі өтті. Оның жұмысына Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Əзірбайжан, Тəжікстан, Грузия, Македония, Косово, Румыния, Болгария, Қырым (Украина), Татарстан, Қарақалпақ (Өзбекстан), Керкүк (Ирак), Шығыс Түркістан (Қытай), Ауғанстан, Ресей т.б. елдерден 80-ге жуық түркітілдес жас журналистер қатысты. Аталмыш шара аясында «Босқындар» тақырыбымен журналистердің фотосуреттер көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институты кітапханасы «әл-Фараби және қазіргі заман» атты қытай тіліндегі бірегей оқу құралымен толықты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2005 жылдан бастап «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қабылдау жүргізіліп келеді. Университетте дене шынықтыру мамандарын дайындау 2005-2015 жылдар аралығында биология және биотехнология факультетінде, ал 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Медициналық факультеттің қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінде іске асырылуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшыларды уәждеу және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында, біздің университетімізде «Мықты денсаулық және сымбатты дене» атты жоба жүзеге асырылуда.
2016 жылдың 23 мамырында Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің алаңында «Мәңгі өлмейтін полк – тыл батырлары: Ресей мен Қазақстан – ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Тюрингия елінің ғылым, өнер және зерттеу экс министрі Дагмар Шипанскидің басшылығымен келген Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының кадет делегациясы келіп кетті. Бұл сапар ынтымақтастық туралы Меморандум арқасында жүзеге асты.

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңының Виртуалды жобасы бойынша шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтардың ғалымдары, мамандарымен заманауи биомедицинаның өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Биомедицинаның мәселелері» тақырыбында онлайн видеоконференциясын өткізді.Онлайн видеоконференцияға хрономедицина және биомедицина саласында еңбек етіп жүрген отандық ғалымдар мен қатар шетелдік ғалымдарда қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа жібек жолының экономикалық белдеуі: Іргелес жатқан елдердің тұрақты дамуы және ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.