- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
20.05.2016 Лингвист-ғалымдар толғанысы – «Тіл-құралдың қуатты күші»
Филология және әлем тілдері факультетінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тіл-құрал – қуатты күш» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы тарапынан ұйымдастырылатын бұл шара «Аханов тағылымы» дәстүрлі конференциясы аясында өткізіледі. Биыл аталмыш конференция 19 мәрте жүргізіліп отыр.
20.05.2016 Табысты өмірге жолдама
Үштілдік бүгінгі білім беру саясатында негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл қазақстандықтардың бір мезгілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуына бағытталған. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында әрбір қазақстандықтың үш тілді болуы ең басты міндеттердің бірі екендігі айтылған. Тілді білудің маңыздылығы әр кезеңде, қазіргі таңда да еңбек нарығы мен коммуникация саласында тіл мәселесінің өзектілігі аса зор. Осыған орай қазіргі қоғамда қосымша тіл үйрететін мектептер мен көптеген білім беру курстары ашылуда. Шет тілдер арасындағы ең белсенді оқып-білу белсенділігіне ие болып тұрған тіл – ағылшын тілі.
18.05.2016 Қалыш Аманжол Боранбайұлы кітаптарының тұсаукесері өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде отандық тарих ғылымының дамуына айтарлықтай өз үлесін қосып келе жатқан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлының алты бірдей оқу құралының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шараға: Тарих, археология және этнология факультетінің деканы Жұмаділ А. Қ.,Қазақ Университеті Баспа ісінің директоры Асан А.Т., факультет профессорлары Төлеубаев Ә.Т., Елеуов М.Е., Кәрібаев Б.Б., мұғалімдер және студенттер қатысты. Жиында қазіргі Қазақстанның ғылыми, саяси және әлеуметтік жағдайы туралы сөз қозғалды.
18.05.2016 Ғалым МҰТАНОВ - Нарықтың заңымен санасатын уақыт жетті
Нарықтың заңымен санасатын уақыт жетті
Әрине, тәуелсіздік алып келген және әлем бағынып отырған нарықтық экономиканың өзіндік заңдылықтары бар. Оның талаптарымен санасатын уақыт баяғыда жеткен.
17.05.2016 ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің оқу залы ашылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент оқу залы ашылды. Мұндай залдың еліміздің үздік жоғары оқу орны қабырғасында ашылуы үлкен тәрбиелік мәнге ие, себебі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмір жолы Отанға шексіз қызмет етудің жарқын көрінісі және жас ұрпақ үшін патриоттықтың нағыз үлгісі болып табылады.
16.05.2016 ҚазҰУ-да Орталық Азия елдері арасындағы жапон тіліндегі XX шешендік өнер сайысы өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде жапон тілі бойынша 20-шы Орталық Азиялық шешендік өнер сайысы өтті. Онда Орталық Азия аймағының 5 мемлекетінен: Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 17 сайыскер қатысты.
13.05.2016 «Мәңгілік Ел» жобасы
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, ҚазҰУ оқытушылары, студенттер мен түлектер қауымдастығының бастамасымен, студенттік кампус территориясында «Мәңгілік Ел» сәулет кешенін орнату идеясы алға тартылды.
06.05.2016 Ерлер елін мылтықсыз-ақ қорғасын...
Қарсы келген жауға нарқасқадай қасқайып қарсы тұрған батыр елдің ұрпағы осы айтулы мереке қарсаңында қазақ білімінің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақсақалдар кеңесі мен тыл ардагерлерінің басын қосты. Сұрапыл соғыс жылдарын өз көзімен көрген қарттар қатары сирегенмен, олардың арамызда қалғаны жастармен кездесіп, әрдайым бейбіт күннің жолында құрбан болғандардың ерлігін дәріптеп жүреді. Мерекелік жиынға Сұлтан Сартаев, Шалекенов Уахит Хамзаұлы сияқты қарттарымыз қатысты.
06.05.2016 Депутаттар «Мәңгілік ел» идеясын студенттермен талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мәжіліс депутаттарының қатусымен «Мәңгілік ел» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
06.05.2016 "Мың құмырсқа және біз"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіптің "Мың құмырсқа және біз" атты кітабының тұсаукесеріне орай студенттермен кездесу өтті.