Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.04.2016 БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференциясы өтті.

 


29.04.2016 Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алматыда 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


29.04.2016 Студенттік «Біз» театрының ұйымдастыруымен «Ғашықтар хикаясы» атты қойылымы қойылды

Студенттік «Біз» театрының ұйымдастыруымен драмматург, әнші, актер Қанат Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» атты қойылымы қойылды. Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының іші жастар мен үлкенді-кішілі қонақтарға толысып, бәрі дерлік күлікіге қарық болды.


29.04.2016 Алдиярова Әлия Бразильдік Джиу-джитсу бойынша Жылдық Кәсіпқой Әлем Чемпионатының жеңімпазы

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ассистенті Алдиярова Әлия Несіпбекқызы халықаралық жарыста екінші жүлделі орынға ие болып, Біріккен Араб Әмірлігіне өз жүйріктігін паш етті.


28.04.2016 Күн шығыс еліне саяхат

Жапондықтардың мәдениеті мен өркениетіне қызыға қарайтын жандар жетерлік. Сондай адамдардың басын қосатын шараларға толы апталық, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.


27.04.2016 Ғ.Мұтанов «Al-Farabi university smart city» жобасын ұсынды

Ғ.Мұтанов БҰҰ Өркениет альянсының жаһандық форумында «Al-Farabi university smart city» жобасын ұсынды. 

Бүгін Бакуде БҰҰ Өркениет Альянсы VII жаһандық форумы алаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйледі.


27.04.2016 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы «Ашық есік күнін» өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарулы Күштердің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген іс-шараның мақсаты, ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерліктерін, еңбектерін насихаттау, ҚР Қарулы Күштерінің беделін арттыру.


27.04.2016 «Тіл-құрал – қуатты күш»

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл-құрал – қуатты күш» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы тарапынан ұйымдастырылатын бұл шара «Аханов тағылымы» дәстүрлі конференциясы аясында өткізді. Биыл аталмыш конференция 19 мәрте жүргізіліп отыр.


25.04.2016 ҚазҰУ-да АСЕАН елдерінің өңірлік хабы құрылады

Бұл жайлы ақпаратты ҚазҰУ-ға келген ресми сапарында Индонезия мен Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілері  хабарлады.


25.04.2016 Қытайтану кафедрасының доценті А.Ә.Кенжебаеваның кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

2016 жылдың сәуір айының 22 жұлдызында әл-Фараби кітапханасының «Ғалымдар клубында» шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Аида Әбдіғаниқызы Кенжебаеваның жаңадан шыққан үш бірдей кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.