- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгін, яғни 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, «Бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа нысандары – Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік» атты ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресінің аясында жыл сайынғы «Path to Succes» KazNU Job/Intership Fair - «Табысқа апарар жол» - бос қызмет орындарының және тәжірибе өтетін орындардың жәрмеңкесі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік» атты ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресі өтті.

Бүгінде Ұлы Жібек жолының қайта жандануы Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық серіктесі Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер көкжиегі.«Нұрлы жол» және «Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары халықаралық нарыққа шығуға жол ашады және ол елге инвестициялар мен өзге де қорларды тартуға арналған қуатты құрал болмақ. Аталмыш халықаралық бастаманы жүзеге асыруда және екі ел арасындағы білім, ғылым, инновация саласындағы әріптестікті тереңдету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар жаңа жобаларды ұсынды.

Фараби Форумы аясында Шығыстану факультетінде «Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты II Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойлары қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ежелгі түркітектес халықтардың мерекесі әз-Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді. Университеттегі профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардың атсалысуымен өткен мерекеге Қытай, АҚШ, Түркия, Иран, Испания, Франция, ГФР, Корея, Индия және т.б. мемлекеттер елшіліктерінің бас консулдары және БҰҰ, ЭСКАТО, АӨЫСШК ұйымдарының Қазақстандағы өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Флагман» бағдарламасы: деңгейлік сертификация форматындағы тілдік дайындық» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Сиань көлік университетінің 120 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ІІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі» атты ғылыми-теориялық конференци

ҚазҰУ-да мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» мен «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форумы өтті.