- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
14.04.2016 Экономиканы әртараптандыру ел дамуының маңызды факторы ретінде
Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
13.04.2016 ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» конференциясы өтті
2016 жылдың 11-12 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына шығыстану факультетінің студенттері мен жас ғалымдары да белсене қатысты. Олар өздерінің шығыстану ғылымы саласындағы жұмыстарын конференция жұмысына ұсынды. Конференция жұмысы 5 секция бойынша жүргізілді.
12.04.2016 Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің, Мичиган мемлекеттік университетінің және Жаһандық өзара қарым-қатынас институты (АҚШ) Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
08.04.2016 Лабораториялық зерттеулерден өндіріске
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде микробиолог ғалым, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жұбанова Ажар Ахметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
06.04.2016 ІІІ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 4-15 сәуір аралығына жоспарланған ІІІ халықаралық Фараби оқуларының ашылу салтанаты өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Философия, саясаттану және дінтану институттарының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты форумның шымылдығы түрілді.
06.04.2016 Балғабек МЫРЗАЕВ: «Ислам – үрейдің діні емес!»
Бүгінгі қоғамда ислам дінін шамадан тыс қатыгездікпен байланыстырып, адамдардың бойына қорқыныш, үрей сезімін ұялату белең алуда. Исламды шектен шығып қаралаушылар «исламофобия» ұғымын орынды-орынсыз тықпалап, оны соқыр түсінікке негізделген дін ретінде көрсеткісі келеді. Осы ретте ислам дінінің шынайы құндылықтары төңірегінде теология ғылымының докторы Балғабек МЫРЗАЕВПЕН әңгімелескен едік.
05.04.2016 Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі
Қазақ білімінің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы аптада Кембридж университетінің (Ұлыбритания) Пембрук колледжінен, Түркия Республикасынан және Иран Ислам Республикасынан келген қонақтарды қарсы алды.
05.04.2016 ДАИШ ұйымы – олар кімдер?
Бүгінгі күні әлем бетпе-бет келіп отырған лаңкестік қылмыс пен діни экстремизм дерті адамзат болашағына зор қауіп төндіруде. Әлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын, ислам атын жамылған жаңа жүйесіз ұйымдар пайда болуда. Оның ішінде, бүтін әлем елдерінің тыныштығы мен қауіпсіздігіне көлеңке түсіріп, үрей тудырушы топтар арасында ДАИШ лаңкестік ұйымының белсенді әрекет етуде.
05.04.2016 Кампустағы кампус: бір жылдан кейін
Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы Жапонияның бірқатар университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соның бірі – Цукуба университеті.
05.04.2016 Игі дәстүр жалғастығы «Golden middle
Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттік рухты жандандыру мақсатында «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» атты мерекелік кеш өтті. Кешті кафедра оқытушылары Макатаева Ш.М., Бектұрова Э.К., Жанабекова М.А. және "Шетел филологиясы" мамандығының студенттері мен магистранттары ұйымдастырды. «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» мерекелік кеш ағылшын, француз, неміс, орыс және қазақ тілдерінде өтті.