- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби кітапханасы ірі IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі қолжетімді болғанын хабарлайды! Университетіміздің әрбір оқытушысы мен студенті оқу мекемелерінің білім беру қызметінде қолдануға ұсынылған, еліміздегі ең алғашқы сертификатталған электронды-кітапханалық жүйе болып табылатын, IPRbooks ЭКЖ – электронды басылымдарының Ресей лицензиялық толықмәтінді қорымен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты 2016 жылдың 1-2 сәуір айы аралығында жалпы білім беретін ұйымдардың психологтарына, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына, пән мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт-терапияны қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамы БҰҰ-ның өкілдерімен кездесті.
Құрамында 205 мың зейнеткері бар 8 аудандық Кеңес пен 663 бастауыш ұйымның басын біріктіріп отырған Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында 2011-2015 жылдарда атқарылған жұмыстарға IX есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Студенттік көктем – 2016» көркем өнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

«5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының ұйымдастыруымен Дархан Туенбаев «Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары» атты дәріс оқыды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Түркия – бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды әрі сенімді әріптесі. Еңсемізді енді тіктей бастаған уақыттардан бері түбі бір түркіліктің негізінде қос ел ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. 1990 жылдың желтоқсан айында екі ел арасында білім беру, ғылыми жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жандандырды.
Жақында Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында «Ғылым-білім-өндіріс – 2016» инновациялық жобалар форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының Ақтөбе аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен бірлескен тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.