- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Технопарки – инкубаторы инновационных идей. В КазНУ им. аль-Фараби прошла встреча руководства университета с генеральным консулом Турецкой республики Рыза Каган Йылмазом.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Бейбітшілік эстафетасы – жастарға» атты Республикалық жастар антиядролық онлайн форумына қатысты.
Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік (СҚКО) дүкеннің ашылу салтанаты өтті. ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО – әлем кеңістігінде теңдесі жоқ университет көлемінде қызмет ететін сервистік орталық. Бұндай орталықтың ашылуына ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін «Қайырымды қала тұрғындары» атты тұжырымдамасы себепкер болған. Тұжырымдама елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдағы берекені сақтау идеясына негіз болып, университетіміздің әрекет етудегі басты ұстанымына айналып отыр.

ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті "Mind, Thinking & Creativity" деген тақырыпта Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) халықаралық вебинар өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Индия Республикасының Ұлттық Кадет Корпусы арасындағы ынтымақтастық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – БҰҰ Академиялық бағдарламасының тұрақты дамуы үшін жұмыс жасайтын Hub ретіндегі мәртебесі (UNAI кеңейтілген мәртебесі) тағы екі жылға ұзартылды.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ҚазҰУ-да ерекше тойланып өтті. Университет ер-азаматтары дайындаған мерекелік жиын биыл да жоғары деңгейімен есте қалды. Ардақты әже, аяулы ана, сүйікті қыз-келіншектер мерекесіне арнап тек ер-азаматтарымыздың өнер көрсетуі ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет ректор Ғалым Мұтанұлының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Дәстүрге айналған игі бастама биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс жүз кітап» жобасы аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клуб №17 студенттер үйінде белгілі қаламгер Таласбек Әсемқұловтың «ТАЛТҮС» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.

«Тәні саудың жаны сау» жобасының аясында, ҚазҰУ стадионының спорт кешенінде дене тәрбиесі және спорт кафедрасының көмегімен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1,2 және 3-курс студенттері арасында футзал бойынша жарыс өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері биыл елімізде алғаш рет тойланып отырған 1 наурыз – «Алғыс айту» күнін ерекше атап өтті. Олар киелі қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға өз алғыстарын білдіруді жөн көріп, «Рақмет» сөзі бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.