- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
01.03.2016 Есімі мен ерлігі ел есінде
Білім мен ғылымның қасиетті қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Aрысланұлы Жолдасбековтің 85 жасқа толуына орай алқалы жиын өтті.
01.03.2016 Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды жастары
ҚазҰУ колледжі базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды жастары» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
29.02.2016 №17 жатақханада «Шығыс өрнектері» атты кәсіби-бағдарлық іс-шара өтті
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 жатақханасында шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Шығыс өрнектері» мерекелік-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қиыр Шығыс кафедрасының жұмысы насихатталды.
26.02.2016 Жақсының әрқашан да жөні бөлек...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жамбыл ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Адамдықты, ерлікті, батырлықты, ел бірлігін сақтаған татулықты айтқан» келелі жиын ғылым мен білімнің қасиетті қара шаңырағында Ресей, Грузия, Түркия, Қырғыз елдерінен арнайы келген ғалымдардың басын қосты.
25.02.2016 ҚазҰУ профессоры Шэнжэньдағы халықаралық ғылыми конференцияда
Қытайтану кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы ҚХР-дың еркін экономикалық аудандарының бірі Шэнжэнь қаласында өтіп жатқан «Бір белдеу - бір жол: «Ұлы Жібек жолының» экономикалық белдеуі» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда. Конференцияда «Жібек жолының» экономикалық бастамасы, Қытай мен Еуропаны жалғастыратын Орталық Азиядағы «Жібек жолының» бұрынғы тарихи әлеуетін қайтадан жандандыру және осы идеяны жаңа экономикалық мазмұнмен толықтыру бастамасы қарастырылуда. Конференцияға 34 елден 100 ден аса делегат қатысып отыр.
24.02.2016 Сакура – еңбек пен ынтамақтастықтың символы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы дипломатиялық өкілеттілігі аяқталған Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёсимен кездесті.
24.02.2016 ҚазҰУ Бейіндік мектебінің ІІІ ғылыми-зерттеу конференциясы өтті
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс істеу – қазіргі заман талабының өзекті мәселесі. Бұл жұмыс әр уақытта білім жүйесінің барлық саласын қамтып отырады.
24.02.2016 Философияны оқыту: мәселелері және болашағы
Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы «Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік конференция өткізді. Оның жұмысына республика жоғары оқу орындарының оқытушылары, ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.
24.02.2016 Бәсекеге қабілетті маман даярлау – заман талабы
Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер, магистранттар мен докторанттар қауымы «Түркі халықтары мәдениеті қоры» қоғамдық ұйымының басшысы – Ахмет Дағдұран, «Түркі Әлемі бизнесмендер қауымдастығы» ұйымының басшысы – Асқар Өтепов, «Түркі халықтары мәдениеті қоры» ұйымының жанындағы «Түркі Әлемі газеті» және аталған газеттің мәдени ғаламтор-арна қосымшасының басшысы – Ихсан Дағдұранмен кездесу өткізді.
23.02.2016 ҚазҰУ-дың youtube-та видеохостингі жұмыс жасайды
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттері үлкен құлшыныспен «жаһандық» эфирге шықты. Әлеуметтік желілерде «әл-Фараби» телерадио кешенінің сілтемесі арқылы күнделікті ҚазҰУ-дың ағымдағы жаңалықтарымен, өтетін іс-шаралар туралы, «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптар жайымен және басқа да көптеген қызықты ақпараттармен танысуға болады. Сонымен қатар, видеохостингта репортаж, бейнебаян жасаудың телевизиялық технологияларын үйренуге де мүмкіндік бар.