Жаңалықтар

Жаңалықтар


12.02.2016 Айтыскер ақындармен өткен кездесу

ҚазҰУ-да «Атамекен» патриоттар ұйымының бастамасымен айтыскер ақын Балғынбек Имашевпен және жас та болса айтары бар жас ақын Сырым Әуезханмен кездесу өтті.


11.02.2016 Жүрегім менің - жанартау

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ - ЖАНАРТАУ» атты әдеби-сазды кеш өткізді.


10.02.2016 «Симбиоз-решение: Интернет и цифровая грамотность».

«Стремясь к сосуществованию и гармонии в Азии, объединить весь мир» - Чан Бенг Сун,
Директор курса "Азиатское сообщество"
Каф. Дальнего Востока, КазНУ им. аль-Фараби


10.02.2016 Әл-Фараби идеялары - Өркениеттер Альянсының тұғыры (Әл-Фараби – өркениет философы)

2016 жылдың 25-27 сәуір күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Біріккен Ұлттар ұйымы Өркениеттер Альянсының (UNAOC) VII ғаламдық форумы өтеді. Жақында Стамбұлда осы ғаламдық форум аясында түркі әлемінің ұлы ойшылы әл-Фараби мұрасының насихатталуы туралы ұсыныстарды талқылау мақсатында БҰҰ Өркениеттер Альянсы Үйлестіру комитеті жұмыс тобының жиналысы өтті. Осы жиынға БҰҰ Өркениеттер Альянсы Үйлестіру комитетінің төрағасы профессор Бекір Қарлығаның шақыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғ.М.Мұтанов бастаған делегация қатысты.


10.02.2016 Американдық студенттер Қазақстан университеттерін таңдайды

Бүгінде әлем бойынша білім – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылады. Қазақстанда да Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) елдерінің стандарттары негізінде білім беру жүйесін жаңғырту арқылы адами капиталдың сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Жыл сайын Қазақстанға оқуға, ғылыми тағылымдама мен озық үлгідегі дәрістерді тыңдауға келетін шетелдік студенттер мен профессорлар саны артып келеді.


09.02.2016 Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет етуге берілген мүмкіндік

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі қоғам қайраткері, жазушы-журналист Кәкімжан Қазыбаевтың өмірінен сыр шертетін «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Қазақ университеті» баспа үйінен шыққан 64-шығарылым «Өмір дегенің өр жартас», «Замандастар шерткен сыр», «Інілер ілтипаты», «Сағыныш деген қандай-ды» атты 4 бөлімнен тұрады.


08.02.2016 «Симбиоз-решение: Интернет и цифровая грамотность».

Ко всемирному «дню радио» открыла сессию семинаров III Международная зимняя школа журналистики и коммуникации, темой которой была «Симбиоз-решение: Интернет и цифровая грамотность». Школа была организована центром гуманитарных исследований МедиаСфера при КазНУ им.аль-Фараби.


08.02.2016 Ұлт тағдыры - ұрпақ тәрбиесінде

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»

Әл-Фараби

«Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесінде» атты тағылымы мол кездесу Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жазушы, педагогика ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Совет-Хан Ғаббасовпен өтті.


08.02.2016 Қытайтану апталығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы жыл сайын ақпан айының басында дәстүрлі «Қытайтану апталығын» өткізеді. Биылғы жылы бұл шара ақпан айының 1 мен 5 жұлдызы аралығында өтті.


08.02.2016 Аударма ісі мәселелеріне арналды

Жуырда ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Филология, лингводидактика және аударматану: өзекті мәселелері мен даму бағыттары» атты І халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция өтті.