- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
08.02.2016 ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРҒАН АПТАЛЫҚ
Әл-Фараби бабамыз айтып кеткен «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөздер күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Ұрпақ тәрбиесі, студенттердің құқығы, олардың қоғамдық белсенділігі қазіргі қоғамда да аса маңызды. Аталған дүниелердің бірі тұлғаның бойынан табылмаса, оның алған білімі өз жемісін бермесі анық.
08.02.2016 Мақсатымыз "Мәңгілік ел"
Ақпан айының 4-жұлдызында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде студенттер мен ұстаздарға арнап «Қуатты Қазақстан» қорының президенті, саясаттанушы Мұхит Асанұлы Әуелбай "Мәңгілік Ел - жаңа форматтағы алтын ғасыр ойлау жүйесі" атты дәріс оқыды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел идеясы» бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған дәріске Мұхит Асанұлының «Қуатты Қазақстан – Ұлттық идея» атты авторлық доктринасы арқау болды.
06.02.2016 Ғасырдан ғасырға жыры жеткен ақиық ақын
(Ақын М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл)
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойы құрметіне арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты әдеби-сазды кеш өтті.
05.02.2016 «Өнер - өмір емес, ол өмірден де асқақ»
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Отандық кино күні» жобасы аясында «Құнанбай» фильмінің көрсетілімі өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Отандық киноны дамыту аясында ұйымдастырған дәстүрлі іс-шараға киноның режиссері әрі басты рөлді сомдаған актер Досхан Жолжақсыновтың өзі де келді.
03.02.2016 "100 кітап - мәңгілік мұра
ҚазҰУ-дың №9 студенттер үйінде (философия және саясаттану факультеті) "ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап" жобасы аясында педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының доценті Касымова Роза Садыққызының ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара өтті.
03.02.2016 М.Мақатаев және көркем аударма
2016 жылы 3 ақпанда «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасы аясында «М.Мақатаев және көркем аударма» атты поэтикалық аударма кеші өткізді
03.02.2016 ҚазҰУ сайты көшбасшы атанды
Испандық Cybermetrics Lab зерттеу тобы үздік–20 қазақстандық университет сайттарының тізімін жариялады. Cybermetrics Lab зерттеу тобы құрастырған университет сайттарының әлемдік рейтингінің қазақстандық бөлігінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің порталы көш бастап тұр.
02.02.2016 «1000 ізгілікті іс»
«Алматының 1000 жылдығына - 1000 ізгілікті іс» акциясы аясында G38 жастар ұйымы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері кезекті қайырымдылық шарасын жүзеге асырды.
02.02.2016 Ұлттық көсемсөз жанрларына арналған соны еңбек
Жақында журналистика факультетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзиннің «Публицистика жанрларының эволюциясы» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті.
02.02.2016 Пан Ги Муннан алғыс алған фотограф
Қарапайым ғана ауыл топырағында дүниеге келген Маратқа ғана емес, бүтін ауыл үшін ол кезде фотография таңсық еді. Оның бұл салаға келуі де тосыннан басталған.