- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасына қарасты Аударма орталығы жаңа жылды жарқын қадамдармен бастады. Аударма орталығының директоры ф.ғ.к., доцент Л. Мұсалының ұйымдастыруымен 20 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта республикамыздың мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған «Шет тілдерін оқыту әдістемесі» курсы өтті.
Қатаң тәртіп, сапалы білім, тынымсыз еңбек – жастарға міндет
Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде «Жаңа әлеуметтік» саясат тақырыбында Елбасының халыққа жолдауы негізіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция аясында университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Меңдігүл Сағатқызы Ноғайбаева студенттерге арнап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясаты» тарауы негізінде ҚазҰУ ұжымының алға қойған мақсаты туралы баяндама оқыды.

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында «Қытайтану апталығы» аясында ҚХР Нанкин университетінің экономикалық құқық ғылымдарының PhD докторы, адвокат, ҚХР Шыңжаң аграрлық университеті заң факультетінің деканы Тұрарбек Асқар «Қытайдағы қазақстандық студенттердің құқықтары қалай қорғалуда?» атты ғылыми семинар өтті.
ҚазҰУ-дың №9 студенттер үйінде (философия және саясаттану факультеті) "Саламатты дене мәдениеті" жобасы аясында педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының доценті Роза Садыққызының ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара өтті.

Қысқы мектеп – бұл студенттерге арналған қысқа мерзімді бағдарлама. Қысқы мектеп кезінде студент өзін ҚазҰУ-дің студенті ретінде сезініп, оқуға ден қоя алады. Шетелдік студенттерге арналған Қысқы мектепті өткізу-шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының дәстүріне айналған.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы QS-тың (Ұлыбритания) жергілікті директоры Зоя Зайцева ҚазҰУ басшылығымен кездесті. Кездесуде жоғары оқу орнының рейтинг көрсеткіштерін жақсарту үшін университет қызметінің негізгі мәселелері талқыланды.

ТҮРКСОЙ кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Асқар Турғанбаев және ф.ғ.к., аталған кафедраның Халықаралық қатынастар жұмысының үйлестірушісі доцент Зүбайда Шадкам Түркия Республикасы Эрзинжан университеті тарапынан шақырылып арнайы іс-сапарда болып қайтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М. Ломоносов атындағы ММУ ынтымақтастық туралы келісті
БҰҰ тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілі Норимас Шимомура әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ресми іс-сапармен болды.

Жуырда философия және саясаттану факультеті, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттік дискуссиялық «Политолог» клубында еліміздегі белгілі саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры, саяси ғыл. кандидаты Ерлан Каринмен кездесу өтті. Кездесу аясында сарапшы «Орталық Азия: трендтері мен балама жолдары» тақырыбында лидерлік дәріс оқыды.