Жаңалықтар

Жаңалықтар


21.01.2016 Әл-Фараби мұрасына арналған фин-қазақ Симпозиумы өтті

Философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева Финляндия Академиясы мен Ювяскюля университеті ұйымдастырған «Әл-Фарабидің саяси философиясы жаһандық мәнмәтінде» атты фин-қазақ Симпозиумына қатысты.


20.01.2016 ТҮРКСОЙ кафедрасының ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) шәкіртақы тағайындады

ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов пен Түркия Республикасы, Анкара қаласы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімұғлы ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттерін ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 100000 (жүз мың) теңге көлемінде бірреттік шәкіртақы табыстады.


20.01.2016 Жағымды көңіл-күй толқыны

Философия және саясаттану факультеті ҚазҰУ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі Департамент қолдауымен дәстүрлі куратор-эдвайзер қысқы мектебі аясында тренингтер өткізді.


20.01.2016 I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 өз жұмысын аяқтады

ҚазҰУ-да өткен «Психологтың Кеңес беру тәжірибесіндегі қазіргі заманғы технологиялар» атты I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 өз жұмысын аяқтады.


19.01.2016 ҚазҰУ түркі елдері арасындағы үздік ЖОО атанды

Түркі халықтарының халықаралық конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Түркі елдері арасындағы үздік ЖОО» атағын берді. Халықаралық марапатқа лайық болған қазақстандық жоғары оқу орнын Түркі халықтары халықаралық конгресінің президенті Яхья Юсифоглы Алиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымымен кездесу барысында хабарлады.


18.01.2016 Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жасалған жаңа қадам

ҚР премьер-министрінің орынбасары Д. Н. Назарбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келіп, оның инфрақұрылымымен танысып, жоғары оқу орнының белсенді студенттерімен кездесті. Сапар барысында Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білім саласының дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.


18.01.2016 Жаңғыру көшінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі 46-шы ғылыми-әдістемелік конференция мен оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Конференцияда жергілікті ЖОО өкілдері өнеркәсіп секторларының сарапшыларымен маман дайындау жүйесіне байланысты ҚР «Білім туралы» Заңына енген бірқатар өзгерістерді талқылады.


12.01.2016 Басты міндет – 100 нақты қадамды жүзеге асыру

ҚазҰУ ұжымы кезекті ректорат отырысын ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолындағы университет міндеттерін айқындауға арнады. Бұл туралы алдымен университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева хабарлама жасады.


12.01.2016 Корея қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті

Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына Корея қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті.


12.01.2016 «Кәсіби ортадағы эмоционалдық күйюдін алдын алу және эмоционалдық ресурстарды қалпына келтіру» атты семинар-тренинг өтті

ҚазҰУ негізінде Біліктілікті арттыру Институты жоғары және орта білім беру саласында қызмет ететін мамандарға «Кәсіби ортадағы эмоционалдық күйюдін алдын алу және эмоционалдық ресурстарды қалпына келтіру» атты семинар-тренинг өткізді.