Жаңалықтар

Жаңалықтар


11.01.2016 Ұлт жоспары - Ұлы істерге бастайтын саяси құжат

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын бастан аяқ оқып шықтым. Онда Елбасы қазақстандықтардың даму жоспары мен еліміздің болашағын баяндаған. –Әлеуметтік-экономикалық жетістіктер мен іс-әрекеттерді көрсеткен. Біз бірлікпен бірігіп қимыл жасасақ Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ екендігі айқын айшықталған.


11.01.2016 Тұтастық пен жаңғырту - Мәңгілік Ел мұраты

Тәуелсіз елімізде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғам мен билік арасындағы берік байланыс пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптесттік қызметі арқасында табысты іске асты. Елбасы әрқашанда алдымен экономика кейін саясат екендігін үнемі айтып келеді. Бұл ұстаным бүгінгі геосаяси және геоэкономикалық мүдделер қақтығысы және әлемдік қаржылық дағдарыс жайлаған алмағайып заманда бірден –бір дұрыс шешім екендігін уақыт көрсетіп отыр. Елбасының «Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы әлемдік экономикалық, саяси ахуалдың күрделі жағдайында Мәңгілік Елдің асқақ асыл арманы мен айқын мұратын шындай түсіп дүниежүзілік қоғамдастықта еліміздің мерейін үстем ететін тұғырнама.


09.01.2016 ҚазҰУ-да «Білім сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялар» атты семинар өтті

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен Еуразия технологиялық университетінде 2016 жылдың 8 қаңтарында «Білім сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялар» атты семинар өтті. Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, доцент Төлешова Ұлмекен Болатқызы өткізді.


08.01.2016 Баршамыз бірігетін бағдар

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылдың соңындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты республика халқына кезекті жолдауы елімізде кеңінен талқыланды. Осыған байланысты алдағы атқарылар іс-шаралар ауқымы белгіленіп, жоспарлар жаңарып жүйеленуде.


06.01.2016 Ғылыми фотосуреттер байқауы жарияланды

Ғылым мен фотографияны сүйетіндерге! ​

​2016 ж. 10 қаңтарына дейін білім берудің бірыңғай әлемдік қоры – Wikimedia жобаларын: Википедия және Викиқорын толтыру үшін «Science Photo Competition 2015» ғылыми фотобайқауына барлық тілек білдірушілер қатыса алады.


31.12.2015 Тау тұлға

Өскелең ұрпаққа өнегелі жол нұсқайтын дара басылым «Өнегелі өмір» сериясының кезекті 61-шығарылымы танымал мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлына арналды.


30.12.2015 Ақсақалдар кеңесі жыл жемісін таразылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл соңында әдеттегідей ақсақалдар кеңесінің қорытынды отырысы өтіп, онда университеттің ғылыми, оқу, қоғамдық жұмыстары мен аса өзекті мәселелер талқыланды.


30.12.2015 ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлы Гейдар Алиев атындағы алтын медальмен марапатталды

Жуырда ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов бастаған делегация Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы елшілігінің шақыруымен, Қазақ хандығының 550 жылдығы және қазақтың кеменгер ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай Бакуге іссапармен барып қайтты.


30.12.2015 Жаңа жыл – жаңа факультет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСМ)-медициналық факультеті ашылды.


30.12.2015 "Баршаңызды келе жатқан жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!" - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов

Құрметті әріптестер мен студенттер!

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!