- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында ҚазҰУ ғалымдары Иранның Шахес Пажу Ғылыми зерттеу Институтының өкілдерімен кездесті. Ғылыми зерттеу институты ҚазҰУ-мен инновацилық жобалар дайындауда тығыз жұмыс жасауға ниетті, сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға, өндіріске енгізуге көмектесуге дайын екендерін айтты.
ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан жарық көріп келе жатқан «Өнегелі өмір» сериялық кітаптары кезекті 67,68-шығарылымын Қазақстанның белді ғалымдары, академиктері Т.Б. Дарханбаев пен М.А. Айтхожинге арнады.
ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде үлкен дарын иесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Құлжабай Әбдіқалықұлы Қасымовтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Математика мен информатиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Белгілі академик-ғалымдар, Қ.Ә. Қасымов замандастары мен әріптестері, туған-туыстары мен шәкірттері қатысқан ғылыми басқосу академик рухына арналған игі істермен бастау алды.

ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» аумағында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры х.ғ.д., проф. Бүркітбаев М.М. қолдауымен және Dr. Максим Алексеевич Дергуновтың бастамасымен химия саласы бойынша «Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы өрлеуге» атты ІІІ семинар-конференциясы өтті. Осы жолы семинар-конференция суды жан-жақты зерттеуге арналды, ал дөңгелек үстел тақырыбы: «Су – бұл өмір!».

«Айналаңды нұрландыр» атты әлеуметтік-инновациялық жоба аясында Мысырдың Мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығы мен Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай Мысырдың Мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығы мен «Қазақ университеті» баспасының бірлескен Халықаралық кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Ағымдағы жылдың 20-23 желтоқсан аралығында ҚазҰУ ректоры академик Ғ. Мұтанов бастаған делегация Қазақстан Республикасының Азербайжан мемлекетіндегі елшілігінің шақыруымен, Баку университетінде Қазақ хандығының 550-жылдығы мен қазақтың ұлы жазушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылғын шараға қатысу мақсатында ресми сапармен болып қайтты.

Цукуба (Жапония) университетінің ауыл шаруашылығына қатысты ғылыми-зерттеу бағдарламасы (PhD doctor) оқу гранттарына байқау жариялайды.
14.12.2015 жылы ф.ғ.д. профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының бастамасымен ұйымдастырған Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияны тапсыру үшін«Адам және әлем»атты студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.
Жапонияның Халықаралық байланыстар Қорының қаржыландыруымен Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі оқытушылары Т.Ниномия, С.К.Боранқұлова, М.Т.Шадаева, А.М.Токкариналар 10.12.2015 ж. - 12.12.2015 ж. аралығында Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, №40 қазақ орта мектебінің 10, 11 сынып оқушыларына арнап кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша іс-шаралар өткізіп қайтты.

Жақында филология және әлем тілдері факультетіндегі «Tarzhuman club» жас аудармашылар клубында «Аудармашы және тіл тазалығы мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.