Жаңалықтар

Жаңалықтар


15.12.2015 ҚазҰУ ғалымдары ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өткізді

ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің отырысында үздік қызметкерлер мен студенттерге дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.


11.12.2015 Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында №14 студенттер үйінде халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары мен МО51K тобының студенттерінің қатысуымен Қазақстан тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігіне үлес қосқан аға-әпкелеріміздің ерен ерліктерін болашақ жастарға дәріптеу.


11.12.2015 Өтеген Күмісбаевтың "Өнегелі өмірі"

Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, ирантану бөлімі «Гүлістан» үйірмесінің ұйымдастыруымен Республикалық «Өнегелі өмір» атты сериялық кітаптар аясында жарық көрген ҚР Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар академиясының, Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы, ақын, жазушы, педагог-ғалым Өтеген Күмісбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.


10.12.2015 ҚазҰУ-да Жас ғалымдар үйі ашылды

ҚазҰУ-да Жас ғалымдар үйі ашылды. Бұл Қазақстандағы магистранттар мен докторанттарға арналған алғашқы тұрғын үй кешені. Әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инвестициялар тартылды.


10.12.2015 Шетелдік студенттер ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылады

ЖОО-дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылау мақсатында екінші жылы оқып жатқан шетел азаматтарына арналған дөңгелек үстел өткізді.


09.12.2015 Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары «Жібек жолы» Қазақстан-Корей форумына қатысты

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығында «Жібек жолы» Қазақстан-Корей ашық форумы өтті.


09.12.2015 Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті.


07.12.2015 Италияда қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылады

Венецияда қазақ тілі мен мәдениетін оқыту орталығы ашылады. Бұл туралы Венеция қаласындағы (Италия) Ка Фоскари Университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының кездесуінде айтылды. Бірлескен оқыту бағдарламалары мен жаңа зерттеу жобаларын дайындау саласындағы әріптестік мәселелері кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды.


04.12.2015 Халықаралық қатынастар факультетінде лингвистикалық лаборатория ашылды

Бұл күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтуде. Халықаралық қатынастар факультеті - халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану және әлемдік экономика саласындағы мамандарды даярлау орталығы. Факультет түлектері дипломатиялық миссиялар, үкіметтік және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар мен бизнес салаларында, Қазақстан мен одан тысқары жерлерде білім беру және ғылыми-зерттеу саласында көшбасшы қызметтерді атқарып жүр.


03.12.2015 Қиыр Шығыс кафедрасының ең үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындалды

Қиыр Шығыс кафедрасының ең үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындалды