Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.12.2015 Қазақстан және АҚШ ғалымдары қайта қалпына келетін энергия саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

«Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қайта қалпына келетін энергия технологияларымен алмасу тұрақты дамудың факторы»


02.12.2015 Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 30 қарашада арнаған Жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім реформалар даму» бойынша Қазақстан Республикасының қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы Қазақстанда болған дағдарыстармен салыстыра отырып Қазақстанның бүгінгі таңдағы халықаралық экономикалық дағдарысқа қарсы жаңа саясаттар мен реформалар жарияланды.


02.12.2015 Елбасы Жолдауы - жастарға рух беруші күш

Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар Президент Н.Ә.Назарбаевтың осы салаға жете көңiл аударып, жан-жақты қолдау көрсетуi мен бастамалары арқасында жүзеге асуда.


02.12.2015 Қазақстан дамудың даңғыл жолына бет алды

Елбасының халқына Жолдауын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында талқылады. Жоғары оқу орнының ғалымдары, оқытушылары мен студенттері атап өткендей, Президент Жолдауы – қазақ қоғамының жаһандық дағдарыс кезіндегі тұрақты дамуға бағытталған бағдарлама. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін жеке бастамаларды қолдау, институтционалдық реформаларды жүзеге асыру және қоғамның барлық салаларын тиімді модернизациялау арқылы экономиканың дамуын бір қалыпқа түсіру керек.


01.12.2015 «Дінтану негіздері және зайырлылық»

ҚазҰУ Біліктілікті Арттыру Институты және дінтану мәселелерін зерттеу мен сараптама орталығының және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дінтану негіздері және Зайырлылық» тақырыбында «дінтану» пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.


30.11.2015 Дағдарыс тұсындағы заманның беталысы

Елбасының бүгінгі "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы мынадай маңызды бөлікті қамтығанын атап өту керек: қаржы секторын тұрақтандыру; бюджет саясатын оңтайландыру; жекешелендіру және бәсекелестікті ынталандыру; заман талабына сай инвестициялық және әлеуметтік саясат.


30.11.2015 Үнемді өмір сүрсең ұтасың

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауын, қазіргі заманды күрделі бейімделу кезеңі, сондықтан әрбір Қазақстандықтың мақсаты: бірлікті сақтап, ел үшін еңбек ету болуы тиіс, - деп бастады. Яғни, "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" - деген қағидатты толық ұстап, әрбір ісімізді терең ойланып, үлкен жауапкершілікпен атқару.


30.11.2015 Қазақстан жаңа экономикалық өрлеу жолында

Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Жылдың аяқталуына бір ай қалғанда Елбасы халыққа «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын арнаған болатын.


30.11.2015 «Жапонияның дәстүрлі мәдениеті» атты ашық дәріс өтті

Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының жапон бөлімінде Алматыдағы  «Банк оф Токио-Мицубиси ЮФджей Лтд.» банкінің басшысы Хидеюки Асаноның «Жапонияның дәстүрлі мәдениеті» деген тақырыпта ашық дәрісі өтті.


30.11.2015 ҚазҰУ студенттері НАТО мини моделін өткізді

2015 жылдың 13 қарашасында ҚазҰУ жанындағы НАТО ресурстық және ақпараттық орталығы, НАТО бұқаралық дипломатия департаментінің қолдауымен бесінші жыл сайынғы республикалық студентаралық НАТО мини-моделін өткізді. Осы жылғы ойынның тақырыбы ретінде: «НАТО мен Орталық Азия елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бойынша ынтымақтастығы» мәселесі алынды. Мини-модельдің мақсаты – халықаралық лаңкестікпен күресте жаңа механизмдер мен әдіс-тәсілдерді іздену бойынша НАТО-ға мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдерінің ұстанымдарын тану мен түсіну.