Жаңалықтар

Жаңалықтар


30.11.2015 «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары»

ҚазҰУ-да осындай тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысын Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырды. Аталмыш шара негізінен өңірлік БАҚ дамуына бағытталды. Қызылорда, Шымкент, Қызылжар, Астана, Ақтөбе аймақтарынан облыстық, аудандық басылымдардың бас редакторлары, жауапты хатшыларлары, журналистері келіп қатысты. Сонымен қатар Әзірбайжан, Қытай елінен де журналистер шақырылды.


30.11.2015 «Елбасының ерен еңбектері» атты халықаралық ғылыми семинар

«Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының аясында ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент Күніне арналған «Елбасының ерен еңбектері» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді.


29.11.2015 Ғылым мен өндірістің бірігуі - уақыт талабы

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп мекемелерінің өкілдерімен кездесті.


27.11.2015 Бәрі де сенің игілігің үшін – студент!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қыруар жұмыстар атқарылды. Білімнің қара шаңырағы тек білім сапасына ғана емес, сонымен қатар студенттердің жайлы өмір сүруіне де көп көңіл бөледі.


27.11.2015 Мен жастарға сенемін

...Сұңқары кең самғаған тынысы кең,
Тұлпары жаңылмаған жүрiсінен,
Еркiндiк күле карап келген маған,
Кестелi том-том тарих тiгiсiнен.

Хан тағыңнаннұршықтықайран, ғажап,
Алқабыңнанақырыайдалдыазап.
Барысұлдыңбағдарынбиiктеткен,
НамысыңныңұртындашайналҚазақ.
Тірі тарих төсінде толғатумен,
Еркіндікті тудырған Қайран Қазақ


27.11.2015 Тәіуелсіз Қазақстанның Карл Марксі

ҚазҰУ-да көрнекті экономист, ҚР ҰҒА академигі Я.А.Әубәкіровтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада университеттің қолдауымен «Қазақ университеті» баспасында атақты ғалым, қоғам қайраткері, педагог Я.А. Әубәкіровтің өмір жолын сипаттайтын "Өнегелі өмір" сериясымен жарыққа шыққан кітаптің тұсауы кесілді.


27.11.2015 «The First President» атты мерекелік іс-шара өтті

Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Ә. Әріпов пен М. Жаңабековалар 1 желтоқсан Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында ағылшын тілінде «The First President» тақырыбында «Шетел филологиясы және Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттерінің қатысуымен мерекелік шара өткізді.


27.11.2015 Тағдыры бір дастан, жазылмаған тарих, өшпес өнеге...

Өмірден көргені мен түйгені көп, ала­ры­нан берері мол қарттарымыз біз үшін баға жет­пес байлық емес пе? Жас­тай­ы­нан тағдырдың тауқыметін көріп өскен ақсақалдарымыз бен ақ жаулығы желбіреген әжелеріміздің айтқан әрбір сөзі біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, қиындыққа қарсы тұрар ба­с­ты қаруымыз бо­ла ала­ды. Біз со­лай деп бағалаған қадірлі ата-әжелеріміздің ғұмыры қарттар үйінде өтіп жатқандығы өте ая­ныш­ты жағдай.


27.11.2015 «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық семинар өтті

Әл-Фараби кітапханасында «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық семинар өтті. Қазіргі таңдағы заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді.


26.11.2015 XXI ғасыр аудармашысы

2015 жылдың 25 қарашасында "Easy Way English" клубының ұйымдастыруымен "XXI ғасыр аудармашысы" атты дәстүрлі сайыс өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің сабақта алған білімдерін практикада пысықтау және "аударма ісі" деген қиын да қызық мамандыққа студенттердің қызығушылықтарын одан әрі арттыру болып табылады.