- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
![](/Content/main/images/news/9073.jpg)
«ҚазҰУ хабаршысы» журналының дінтану сериясының ғылыми редакторы профессор Нагима Байтенова мен редакторлық кеңестің мүшелері профессор Қарлығаш Борбасова, доцент Бекжан Мейрбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде журналдың алғашқы екі сериясының таныстырылымын өткізді.
Философия және саясаттану факультетіне Сиань университеті заң факультетінің деканы Венхуа Шан келді.
Тарих, археология және этнология факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның белгілі мәдени қайраткерлерімен кездесу өтті. Негізгі қонақтар ретінде ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы, термеші Ахан Әбдуәлібір-екі шәкіртімен, «Ұлас-электрон» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Сәленұлы шақырылды.Мәдени іс-шараның мақсаты: студенттерге ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан халықтық ән-күй, жыр-терме сынды рухани қазыналарымызды кең көлемде, жан-жақты насихаттау. Сол арқылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асуына нақты қадамдар жасау.
Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімі «Корейтану» апталығын жыл сайын өткізуді ұзақ жылдардан бері дәстүрге айналдырып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының "Көрме залында» Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жанынан шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті
Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Бауыржан Рамазанов, ұлттық университеттердің спорт клуб өкілдері мен кафедра меңгерушілері қатысты.
![](/Content/main/images/news/9062.jpg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында VI Медициналық форум өтті.
Форум терапия саласының ғалымдары мен дәрігерлерінің басын қосты. Іс-шара клиникалық медицинаның түрлі салаларындағы дәрігерлердің білім деңгейін көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар ауруды жан-жақты емдеп, ауыздықтау тәсілдерін тарату үшін ұйымдастырылған.
Халықаралық студенттер күні қарсаңында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер қалашығына келді. Сапар барысында Бауыржан Байбек «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен бірегей әл-Фараби кітапханасын аралады. Сонымен қатар әкім Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ЖОО ректорларымен, оқытушы-профессорлық құраммен және қаланың студент жастарымен кездесті.
![](/Content/main/images/news/9060.jpg)
Әлемдік деңгейдегі ғалым, оңтайландыру есептерін шешу үшін тиімді эвристикалық әдістің авторы, франциялық профессор Ненад Младеновичтің «Метаэвристикалық оңтайландыру әдістері» курсы бойынша дәрісін тыңдауға шақырамыз.
Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі профессор Нәбижан Мұқаметханұлы ҚХР мәдениет министрлігі мен Қоғамдық ғылымдар академиясының шақыруымен, 2015 жылы қазанның 25-31 аралығында Бейжің қаласында "Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай 2015 " (Symposium on China Studies 2015) тақырыбында өткен халықаралық симпозиумға қатысып, "Қазақстандықтардың қабылдауындағы Қытай образының эволюциясы (ХҮІІІ ғ. ортасы - ХХІ ғасырдың басы)" деген тақырыпта баяндама жасап қайтты.