Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.11.2015 Қазақстан, Ресей мен Түркия ғалымдары Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеудегі мәселелерді талқылады

«Тарих толқынындағы халық» мемелекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерттеу мен теориялық-әдістемелік мәселелер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


17.11.2015 «Дінтану және зайырлылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану және зайырлылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізді.


17.11.2015 «ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті


16.11.2015 «Бақытқа жету жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында «Жас дипломаттар» зияткерлік клубы мен «Кіші Фараби академиясы» бірлесе отырып ұйымдастырған әл-Фарабидің «Бақытқа жету жолы» атты трактатын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.


13.11.2015 Оразалы Сәбденнің «Абай және Қазақ болашағы» атты дәрісі өтті

«Абай және Қазақ болашағы»

Қазақстан Ғалымдары Одағының Президенті, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттеріне «Абай және Қазақ болашағы» атты дәріс оқыды. Атақты қоғам қайраткері өзінің дәрісінде ұлы дала ойшылы Абай Құнанбайұлының қазақ халқының өміріндегі рөлі және ақын шығармалары мен айтқан өсиеттерінің маңызына тоқталды.


13.11.2015 Ширек ғасырдан кейін жарыққа шыққан фильм

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Отандық кино күні» жобасы аясында әлемдік «Оскар» жүлдесінен үміткер «ЖАТ» фильмінің көрсетілімі өтті. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті Отандық киноны дамыту аясында ұйымдастырған дәстүрлі іс-шараға режиссер Ермек Тұрсыновты екінші рет шақырып отыр.


12.11.2015 ҚазҰУ-да Жапония мен Орталық Азияны зерттейтін ғылыми-білім беру орталығы ашылды

2015 жылдың 11 қарашасында ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында «Campus in campus» жобасы аясында Жапония мен Орталық Азияны зерттейтін ғылыми-білім беру орталығының (Цукуба Университетінің Алматыдағы кеңсесі) ресми түрде ашылу салтанаты өтті.



12.11.2015 Халықаралық қатынастар факультетіндегі Елші күні

2015 жылдың 6 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Бёрн жәнеҚасиетті ПрестолНунцийі (Ватикан) Мигель Маури Буэндианың студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған екі дәрісі өтті.



11.11.2015 Мен ғарышқа «Қазақстан азаматы» болып ұшатыныма сендім...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғарыштық технология дайындау бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Оның бір дәлелі күні кеше аспан әлемін бағындырып келген ғарышкер Айдын Айымбетовтың ұшу бағдарламасына енген «Кулонов плазмалық кристалы» тәжірибесі.


09.11.2015 Тілдік тағылымдамадан оралған студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті

Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Жапониядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесі» атты кеңейтілген кураторлық сағатында Жапонияда тілдік тағылымдамадан өткен студенттер оқытушылар мен студенттерге баяндама оқыды.