- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұжымы 2015 жылғы 5 қарашада еуразиялық интеграцияны зерттеумен айналысатын танымал ресейлік ғалым, экономика ғылымдарының докторы, РАЕН академигі Валерий Леонидович Абрамовпен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың болашақ журналистері кәсіби білікті мамандармен тәжірибе бөлісті. Жақында «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы өзара шығармашылық, өндірістік және ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптарын өткізді.

29 қазан ғылым және инновациялық қызмет бойынша Департамент Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Thomson Reuters ресми өкілі Дария Бухтоярованың «Web of Science платформасындағы халықаралық конференцияларды таңдау» және «EndNote Online арқылы мақалаларды басылымға рәсімдеу» атты семинарын ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның жаһандық хабы болып табылады және әлемнің технологиялық тұрғыда дамыған 50 үздік университеті қатарында. Сондықтан ҚазҰУ БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Штаб пәтерінде өткен білім мен ғылымның тұрақты дамуына байланысты арнайы отырысын салтанатты ашу мәртебесіне ие болды.
Индустриалды-инновациялық даму, сауда-саттық пен орта және шағын бизнес, туризм мен табиғатты пайдалану мәселелерін қадағалайтын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов ҚазҰУ-дың ғалымдарымен және оқытушы профессорлық құрамымен кездесті.
2015 жылдың 28-қазанындаҚР БҒМ гранты бойынша жүргізілген алдын ала зерттеулердің нәтижесі бойынша «Жаһандану уақытында елдің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамуының негізгі басымдықтары» атты тақырып аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде дөңгелек үстел өтті.

28 қазан 2015 жылы Шығыстану факультетінде «Start up» студенттердің инновациялық жобасы аясында онлайн режимде шет тілдерін оқыту сыныбының ашылу салтанаты өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Жалын» фестивалі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Дарындыларды даралап, таланттардың тұсауын кесетін бұл байқаудың жеңімпаздары Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен гала-концертте өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде «ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясының» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы университеттегі тарихы терең кафедралардың бірі болып саналады. Бұл кафедра 1934 жылы ашылып, 1949 жылдың аяғына дейін журналистика факультетіндегі жалғыз кафедраның қызметін атқарды.Большевиктік баспасөздің теориясы мен практикасы деген атпен ашылған кафедра бүгінгі күні 81 жасқа толып отыр.