- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Іс-шара қонақтардың “Smart Health” медициналық орталығына баруымен басталды. Содан соң әріптестік жөніндегі келіссөздер жүргізілді. Мерекелік шараның шымылдығын түре отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы білім, ғылым және денсаулық сақтау саласын дамытудағы әріптестіктегі еңбектің нәтижелі екенін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы бойынша өтіп жатқан алғашқы семинар өз жұмысын бастап кетті.Үш күнге созылатын «Researcher Connect» атты тренингте зерттеушілердің кәсіби біліктілігін арттыру көзделген.

Жуырда филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Tarzhiman» жас аударма клубы халықаралық аудармашылар күніне орай «Аудармашы – мәртебелі мамандық»атты кеш өткізді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ халықаралық «Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісінің қолдауымен ТМД елдері арасындағы, Орталық Азиядағы ең үздік ЖОО бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші рет тіл мектебі ашылды. Университет ағылшын тілін үйрету үшін ҚазҰУ-да биология және биотехнология факультетінен аудиториялар бөлді.

2015 жылы қазанның 6-жұлдызында Алыс Шығыс кафедрасы кореятану бөлімінің оқытушысы Чой Джи Енг "Меари" хоры атты жаңа үйірме ашты. Қазірдің өзінде хорға қатысуға 65 студент ниет білдірді.
«Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқыту бағдарламаларын модернизациялау» тақырыбы аясында ҚазҰУ-да республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі өтті.

ГПИИР-2ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорларКонсорциумы мүшелерінен құралған Қазақстандық делегация Флоренцияда (Италия) инженерлік білім беру бойынша өткен Халықаралық форумға қатысты. Форум «Тұрақты қоғамға арналған инженерлік білім беру» тақырыбы аясында 130-ға жуық елдің басын қосты.

28 қыркүйек – көркем сөз шеберлері М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкейдің туған күні. Қазақ оқырманы үшін бұл қаламгерлердің туындылары ондаған жылдар бойы рухани азық, әдебиетке жаны құмар жас талапкерлер үшін олардың туындылары үйрену мектебі болып келеді.
Ұстаздар күні қарсаңында мектеп директорлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшыларымен және оқытушыларымен кездесті.

Флоренцияда инженерлік педагогика тақырыбы аясында өткен (20-24 қыркүйек, 2015) 44-халықаралық «IGIP» (Халықаралық инженерлік педагогика саласындағы қоғамы) конференциясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов IGIP Senior Member атты жоғарғы дәрежелі марапатқа ие болды. IGIP Президенті, профессор М. Ауер посткеңестік кеңістікте алғашқы болып осы атаққа ие болған ғалымға арнайы марапатты табыстай отырып, профессор Ғ.Мұтановтың жаһандық инженерлік білім беру мен педагогика саласындағы елеулі орны мен қажырлы еңбегін атап өтті.