- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
29 қыркүйек 2015 жылы, «Хабар» АҚ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымастыққа қол қойылған меморандумның аясында журналистика факультетінің куратор-эдвайзерлері Мусинова А.А. мен Майкотова Г.Т жетекшілігімен 1-курс студенттері «Білім және Мәдениет» телеарнасының эфирініне 2 рет өтетін «Золотая середина» ток – шоуының түсіріліміне қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бас редакторлар қоғамдық бірлестігі клубы ҚР инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» – адами капиталдың тұрақты даму медиа алаңы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2015 жылдың 29 қыркүйегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Орта Азиядағы бірінші инновациялық самсунг академиясының салтанатты ашылу рәсімі болды. Әлемдік компания өзінің жаңа өнімдер топтамасын, атап айтқанда соңғы модификациялы Samsung телефондары, планшеттері және теледидарлардан бастап өнеркәсіптік кондициялау жүйелеріне дейін ұсынды. Samsung инновациялық зертханасын барлық кезеңді өңдеу және бағдарламалық қамсыздандыруды енгізумен жабдықтау студенттік стартаптар мен бизнес-инкубаторларды ашуға жақсы түрткі болып отыр.
ҚазҰУ-да «Жоғары білім саласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық» атты конференция өтті. Конференцияны ҚазҰУ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілеттігі ұйымдастырды. Іс-шарада Еуропалық Одақтың 24 мемлектінен (ЕО) сексен жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары қатысты.
2015 жылдың 24-25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде және РЭЦЦА-да TEMPUS Еуропалық Одағының Бағдарламасы аясындағы «I-WEB(су ресурстарын біріктіріп басқару: білім және бизнес саласында әлеуетін және әсерін дамыту)» жобасының қорытынды Конференциясы өтті.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экология мәселелері жөніндегі ҒЗИ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономикалық зерттеулер орталығы, География және табиғатты пайдалану факультеті бірлесіп, 2015 жылдың 18 қыркүйегінде«Жасыл экономика – заманауи ғылым дамуының инновациялық бағыты»тақырыбындахалықаралық дөңгелек үстелұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысы он-лайн режимдеG-Globalплатформасында өтті.
Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесі есігін айқара ашты. Іс-шараға Еуропалық Одақтың 24 елінің (ЕО) сексен жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
2015 жылдың 25-қыркүйегінде Химия және химиялық технология факультетінің Үлкен дәріс залында Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған патриоттық қойылым өткізілді.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушы профессорлар құрамы мен 4 курс студенттері 24-қыркүйек күніҚұрбан айт мерекесінеорай қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

23 қыркүйек Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Oxford University Press өкілі Марчин Дембовскидің семинары өтті.