Жаңалықтар

Жаңалықтар


25.09.2015 АНА ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тілдер мерекесі аясында филология және әлем тілдері факультетінің «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы«Ана тілдің мерейі» атты әдеби кеш өткізді.


23.09.2015 ҚазҰУ студенті бокстан Халықаралық турнирде алтын медальді қанжығалады

Бұхара(Өзбекстан) қаласында бокстан әйелдер арасында ұйымдастырылған Халықаралық турнирде 81 келіден жоғары салмақ категориясында ҚазҰУ студенті Умида Садыкова соңғы тартыста өзбекстандық қарсыласына тойтарыс беріп, алтын медаль иемденді.


23.09.2015 ҚазҰУ-да Ұлттық Студенттік лиганың ашылу салтанаты өтті

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен футболдан Ұлттық Студенттік лиганың ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, сонымен қатар Алматы ЖОО ректорлары, оқытушылары мен студенттері қатысты.


23.09.2015 Сеул университеті ҚазҰУ-да медициналық кластерін құру бастамасын қолдауда

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ) медициналық қызмет көрсету деңгейін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеретін халықаралық медициналық кластері құрылатын болады. ҚазҰУ мен Сеул Ұлттық университетінің жанындағы Пунданг Госпиталі арасында жасалған келісім бойынша 500 орынды клиника салу жөніндегі бірлескен университеттік меморандумға қол қойылды.


22.09.2015 Қара шаңырақ жас толқынын қарсы алды

ҚазҰУ-да бірінші курс студенттеріне арналған маңызды мерекелік іс-шаралардың бірі - «Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті.Мерекелік бағдарлама Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының алаңында өтті. Салтанатты іс-шарада университет басшылығы, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, оқытушылар, студенттер мен түлектер қатысты.



22.09.2015 Қала күні құрметіне арнады...

ҚазҰУ-дың рекрациялық география және туризм кафедрасы меңгерушісі Александр Артемьевтің бастамасымен Алматы қаласы күніне орай ҚазҰУ студенттеріне тау жорық өткізіп қайтты. Шараға кафедраның 1-2 курс студенттері қатысып, Іле Алатауның Фурмановка шыңына өрлеп қайтты.



18.09.2015 ҚазҰУ ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиынға қатысты

11 қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен болған Тәуелсіздік сарайындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Г.М. Мутанов, сонымен қатар, университет ғалымдары, академиктер мен профессорлар - С. Сартаев, А. Ағыбаев, Қ. Жұмағұлов, З. Кенжалиев қатысты.



18.09.2015 «Инновация, сапа және тиімділік» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Әл-Фараби ғылыми кітапханасында «Инновация, сапа және тиімділік» тақырыбында онлайн-конференция өтті.



18.09.2015 Университет ғалымдары үшін «Taylor & Francis Author Workshop» атты семинар өтті

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Университеттің ғалымдары мен оқытушылық-профессорлық құрамының жарияланым белсенділігін арттыру шарасын орындау аясында «Taylor & Francis Author Workshop» семинары өтті.


17.09.2015 «Қазақ-жапон жастарының мәдениетаралық диалогы» атты халықаралық форум өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері және Жапонияның Кейо университеті студенттерінің қатысуымен «Қазақ-жапон жастарының мәдениетаралық диалогы» атты халықаралық форум өтті.