- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

10 қыркүйекте Корея Республикасы Сеул ұлттық университетінің ректоры, профессор Сон Нагин бастаған делегация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне арнайы ат басын тіреді. Делегация құрамында Бундан емханасының директоры Ли Чоль Хи, Қаржы және стратегиялық даму департаментінің басшысы Чон Саң Хун.
2015 жылғы 15 қыркүйекте ҚазҰУ-де «Сыбайлас жемқорлықтың шығуы: ұлттық таным және ментальды мәселелер» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, әлемдегі үздік 800 университет арасында жоғары орынға көтерілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері, сонымен қатар «ЖасТур» Қазақстандағы туризм және спортты дамыту клубының мүшелері «Горельник» шатқалына демалыс күнгі жорық жасады.
М.Горький атындағы Мәдениет және Демалыс саябағыңда, Алматы қаласы Әкімшілігінің Мәдениет басқармасы, Орта Азия және Қазақстандағы Отбасы институтының ұйымдастыруымен Қазақстанда отбасы күні мерекесі атап өтілді.

ҚазҰУ-да университет қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен және қалашық директоры Ә. Сейітжановтың қолдауымен 1 курс студенттерін қалашық студенті ретінде қабылдау кеші өтті. Шара аясында жаз маусымында еңбек жасаған студенттік құрылыс жасағы мен "Жасыл ел" жастар қанаты жасақтарының белсенділерін және жыл бойы жұмыс жүргізген жоғарғы студенттер кеңесінің төрайымдары мен төрағаларын, ішкі тәртіп сақтау қызметінің студенттерден құралған мүшелерін салтанатты түрде диплом-алғыс хаттармен марапаттау жалғасын тапты.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген «Кулонов плазмалық кристалы» күні кеше ғарышқа сапарға аттанған Айдын Айымбетовтың ұшу бағдарламасына енді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытай Үкіметінің гранты бойынша 10 млн. доллардың суперкомпьютерін алатын болды. Елбасының Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі негізінде «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының («ИТП» АКҚ) оқытушыларымен кездесу өтті.
АҚШ университеттерінің студенттері зор ықыласпен және асқан қызығушылықпен Қазақстанда білім алуға ұмтылуда. Биыл екінші жыл қатарынан «Флагман» бағдарламасына қатысушы америкалық жастар білім алу үшін жетекші университет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдады. АҚШ-тың мемлекеттік білім беру жобасы болып табылатын «Флагман» бағдарламасы сырттан келуші академиялық ұтқырлық ретінде жүзеге асуда. Енді біздің студенттеріміз ғана АҚШ-та оқып қоймай, американдық студенттер де еліміздің білім беру жүйесіне қосылды.