- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Буффалодағы Нью-Йорк (АҚШ) университеті, Иллинойс Университеті(АҚШ) мен Сингапурдың ғылыми-зерттеу орталығынан келген делегаттар ат басын ҚазҰУ-ға тіреді. Қонақтар ҚазҰУ ғалымдарымен екіжақты тиімді әріптестіктің мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Клинтонның жаһандық бастамасы (CGI)мен «Clinton Global Initiative University»(CGI U) университеттер жүйесіне мүше болды. ЖОО-ға беделді университеттер консорциумына кіру туралы ұсынысты АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа жолдаған хатында білдірді.
15 мен 20 тамыз аралығында Астанада «Қазақстан мемлекетін негізге ала отырып: бай ресурсты мемлекеттерге таза энергия көздерін жүргізу» тақырыбы аясында семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы болашақта өткізілетін ЭКСПО – 2017 бағдарламасына қатысатын мемлекеттер арасында көтерілетін сұрақтармен тығыз байланыстағы болды.

Алматыда ҚазҰУ студенттерінің бастамасымен қала күніне орай тазалық акциясы өтті. Сенбілікке шыққан жастардың басты мақсаты әсем қала - Алматыны қала күніне орай ластанудан тазарту болды.

Әл-Фараби атынындағы Қазақ Ұлттық Университеті женңіп алған оқу гранттарының саны бойынша еліміздегі ЖОО арасында дәстүрлі түрде тағы да көш бастады.

30 маусым - 5 шілде аралығында «БелГУ» ҒЗУ-не қатысты «Нежеголь» демалыс базасында (РФ, Белгород облысы, Шебекин ауданы) жыл сайынғы жастардың IV Халықаралық «Пегас-2015» жобаларды басқару мектебі болып өтті. Бұл іс-шара инновациялық бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді, азаматтық және қоғамдық жобаларды құру барысында дарынды жастарды қолдау мен дамытуға арналған жүйелі алаң болып табылады.

Иран Ислам Республикасының құрметті қонақтары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркіне ат басын бұрды. Технопарк өзінің «брендтік» өнімдері мен әзірлемелері, жобалары мен әр түрлі салалардағы ғылыми-технологиялық жетістіктерін көрсетті.
Алматы әуежайында спорт сүйер қауым мен БАҚ өкілдері, ҚазҰУ басшылығы, жаттықтырушылар, оқытушылар мен студенттер ыстық ықылыспен және қуанышпен Кванджу қаласындағы (Оңт.Корея) жазғы Бүкіләлемдік Универсиада жеңімпаздары – Виктория Зябкина, Никита Филиппов пен Светлана Иванчукованы қарсы алды. Жанкүйерлер жеңімпаздарды айтулы жетістіктерімен құттықтап, пікір бөлісті, қолтаңба алды.
ҚазҰУ студенттері Кванджу қаласындағы (Оңтүстік Корея) Бүкіләлемдік Универсиадада жақсы өнер көрсетіп жатыр. Жеңіл атлет Виктория Зябкина 200 метр қашықтыққа жүгіруден екінші алтынына ие болды.

ҚазҰУ магистранты, жеңілатлетші Виктория Зябкина Кванджудағы (Оңтүстік Корея) Бүкіләлемдік Универсиадада Қазақстан құрамасы қоржынын «алтынмен» толықтырды. Ол 100 метр қашықтықтағы спринтте жеңіске жетті. Бұл – ҚазҰУ студенттерінің қазақстандық құрама үшін еншілеген екінші «алтындары».