- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.Жолдубаева, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс PhD докторанттары С.Аубакирова және М.Манасова ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесіне қатысты.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Фатимабибі Дәулет М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Ресейдің қытайтанушы ғалымдарының алдында «Қытай тілінің практикалық курсы. Оқытудың жаңа тұжырымдамасы», «Ағылшынша-қытайша-қазақша-орысша тілдескіш» атты үш бірдей еңбегі бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде және Мәскеу мемлекеттік тілдер университетінде таныстырылым өткізді.
«Сұңқар» студенттер кәсіподағы бастамасыменұйымдастырылатын дәстүрлі жобалардың бірі – «Үздік студенттік топ» байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың бастымақсаты – студенттер арасында үздіктерді анықтау, олардықоғамдық мәні бар іске араластыру, түрлі жобаларда деңгейінкөтеру.
ҚазҰУ жыл сайынғы дәстүр бойынша Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған салтанатты құттықтау рәсімін өткізді.

ҚазҰУ ұжымы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлттың ұлы тұлғасын ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы жиынын Елбасы ұсынған «Бес халықтық реформаны» талқылауға арнады. Мемлекеттік дамудың үшінші кезеңінің негізін қалайтын аса маңызды реформалар жайлы алдымен ректор Ғалым Мұтанұлы баяндама жасады. Бұл талқылаудың университет ректоры Ғ.Мұтанов жуырда «Ай тұлғасы» болған G-Global алаңында көрсетілуі жиынның ерекшелігіне айналды.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт берді.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сағындық Сатыбалдиннің «2050 Стратегиясы». «Мәңгілік ел». «Нұрлы жол» атты монография жарық көрді.
30 сәуірде Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кездесу кеші болып өтті.
30.04.2015 ҚазҰУ-да инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
Философия және саясаттану факультетінде "Мектепте және ЖОО-да инклюзивті білім беру және тәрбие: даму траекториясы" атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

29 сәуір күні «Al-Farabi university – Smart city» жобасы аясында Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің жүзеге асырған «Буккроссинг эстафетасы – ҚазҰУ-да» атты инновациялық жобасының ашылу салтанаты өтті.