- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
20.04.2015 ҚазҰУ-да Наурыз тойы тойланды
ҚазҰУ дәстүрлі Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз тойын биыл тағы да дүркіретіп өткізді.
17.04.2015 Үздіктер жеңісі
ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен дәстүрлі мини футболдан жарысы өтті. Факультетаралық және студенттік ұйымдар арасында өткен футболдың басты мақсаты жастар арасында әлемдік дәрежедегі ойынның деңгейін көтеру, дамыту, өзіндік үлес қосу болатын.
16.04.2015 ҚазҰУ-да алғаш рет "Фараби әлемі" аясында мектептік секция ұйымдастырылды
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде дәстүрлі «Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ғылым мен білімдегі жастар» атты студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті.
16.04.2015 Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті
13-16 сәуір 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өткізілді.
16.04.2015 Мектеп бітіретін түлектермен он-лайн режимде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы және география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасымен бірге Қазақстанның биылғы жылы мектеп бітіретін түлектермен он-лайн режимде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
15.04.2015 «Al-Farabi university Smart city – инновациялық университеттің моделі» атты пікірталас өтті
әл-Фараби кітапханасының Ғалымдар клубында II Халықаралық Фараби оқулары аясында философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби академиясында» «Al-Farabi university Smart city – инновациялық университеттің моделі» атты пікірталас өтті.
15.04.2015 «Қазақ халық әдебиеті» хрестоматиясы толықтырылған екінші басылымы жарыққа шықты
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ фольклористикасы» оқу-зерттеу лабораториясы «Қазақ халық әдебиеті» 2 томдық хрестоматиясын (құрастырып, алғы сөзін жазған профессор С.Садырбайұлы) қайта өңделіп, толықтырылған екінші басылымын «Қазақ университеті» баспа үйінің баспаханасынан жарыққа шығарды.
15.04.2015 «Қазақ университеті» баспа үйі «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесіне қатысты
2015 жылдың 9-11 сәуір аралығында Алматы қаласында «Атакент» ҚЭЫО ҮІІІ халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесі өтті. Қазақстанның мәдени және білім беру саласының басты жаңалығына айналған көрмеге әлемнің 10 елінен жиналған 100-ден астам баспалар қатысты.
15.04.2015 «Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының менеджменті» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті
ІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында философия және саясаттану факультетінде философия кафедрасы мен факультеттің әдістемелік бюросы ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының менеджменті» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
15.04.2015 «Жеңіске қалды бір қадам!» дәстүрлі жарыс өтті
Химия және химиялық технология факультеті «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының бастамасы мен факультеттің «Атамекен патриоттар» клубы, «Маслихат» және «Сұңқар» кәсіподақ комитетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен «Жеңіске қалды бір қадам!» дәстүрлі жарыс өтті.