- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай атындағы ҚазҰУ-дың нәзік жанды аруларына арналған "Бақытты әйел" атты мерекелік кеш өтті.
5 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы «Үш бәйтерекке тағзым» атты әдеби-танымдық кеш өткізді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйытқы болуымен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Гран-При» иегері, қаламгер, публицист, ақын Жанарбек Садыханұлы Әшімжанмен кездесу өтті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Жүз кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағы және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп «Абай және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өткізілді.
27.02.2015 «Жүз кітап» жобасы аясында Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» романы талқыланды
Жақында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы Ғылыми кітапханамен бірлесіп «Жүз кітап» жобасы аясында Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» романын талдауға арналған қалалық деңгейдегі оқырмандар конференциясын өткізді.

ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Халықаралық Жапон қорының қатысуымен «Жұмбаққа толы Жапония» атты зияткерлік сайысын өткізді.
Тарих, археология және этнология факультетінде «Түркі жазуы және латын әліпбиі: өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Дебат – адамның танымын арттыруда, білімін жетілдіруде және өзін бұқара алдында танытуда тиімді пікірсайыс құралы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросы мен Алматы қаласы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкілемдік ана тілі күні аясында дебат өтті.