- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен студенттердің «Ғалым болам десеңіз...» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Тарих, археология және этнология факультетінде дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен «Экспо2017: тарихы және мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты, ҚазҰУ-дың біліктілік арттыру институты және журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы, жалпы және этникалық педагогика кафедралары мектеп мұғалімдеріне арнап «Білім берудегі жаңа инновациялық әдістер: дағдылар, технологиялар» республикалық семинар өткізді.

ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығы, университеттің түлегі, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлына тілдерді дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хат пен бірнеше тарихи бағалы кітаптарды сыйға тартты.

ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның (IGIP) аккредиттік орталығы ашылды. Бұл орталық халықаралық мониторингтік комитеттің ұсынысы мен IGIP президентінің шешімі бойынша ашылды.

ҚаҰУ-да ұлы ғалымның өмірі мен қызметіне, туғанына 100 жылдығына орай Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған «Өнегелі өмір» сериясы бойынша жарық көрген «Ермұхан Бекмаханов» кітабының тұсаукесері болып өтті. Бұл шара ғылыми ортаға жақсы таныс «Бекмаханов оқулары» аясында өткізілді.
ҚазҰУ-да филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі, белгілі аударматанушы ғалым, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры Нағима Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті.

ҚазҰУ-да ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол. Қазақстан университеттері әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында» атты Алматы қаласы ЖОО-лары ректорларының аймақтық жиыны өтті.
"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында философия, саясаттану факультетінде факультет деканының қолдауымен "Мерейлі жас отбасы" атты докторанттар мен магистранттар арасында қызықты да, тартысты байқау өтті. Байқауда факультет кафедралары арасында үздік шыққан үш жас отбасы мағынасы зор сайыста бақ сынасты.

Қазақ ұлттық университеті мен Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары бірігіп «Жарқырайтын түсқағаз» жобасын ойлап тапты.