- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
05.02.2015 ҚазҰУ студенттері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтановпен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов«Тұрағы бір, ұраны бір, бүгіні - берен, ертеңі - ерен еркін ел» атты тақырыпта университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттерге дәріс оқыды.
05.02.2015 ҚазҰУ-да лингвистика мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми форум өтеді
2015 жылдың 2-сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде профессор Э.Д.Сүлейменованың 70жылдық мерейтойы мен ғылыми-педагогикалық қызметінің 45жылдығына арналған «Лингвистикалық мұра және жаңа заман үрдісі: тіл, әдебиет, мәдениет» атты халықаралық ғылыми форум өтеді.
04.02.2015 ҚазҰУ-да студенттер қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысымен кездесті
ҚазҰУ-да Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының қатысуымен Елбасы Жолдауының талқылауы өтті.
04.02.2015 Шығыстану факультетінің ұстаздары мен студенттері «Көңілді көктем мейрамы 2015» мерекесіне қатысты
Ақпан айы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті мұғалімдері мен студенттеріне ерекше мейраммен басталды. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының ұйымдастыруымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций орталығы және шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының мұғалімдерінің белсене қатысуымен «Көңілді көктем мейрамы 2015» мерекесі өтті.
27.01.2015 ҚазҰУ студенттері саламатты дене мәдениеті туралы талқылады
Халықаралық қатынастар факультетінде «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында қалалық студенттік емханасының бөлімшелік дәрігері Кокталов Аскат Кенжебекұлымен кездесу өтті.
27.01.2015 Студенттер балаларға көңілді кеш ұйымдастырды
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында халықаралық құқық кафедрасының 3 курс студенттері, эдвайзер Б.А. Амандосұлы, Г.У. Ахметалиева, Ж.С. Жунисов «SOS Алматы Балалар ауылында» «Бала-өмір шуағы» атты тақырыпта іс-шара өткізді.
27.01.2015 ҚазҰУ-да "Қазақстандағы еңбек көші-қоны мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі" тақырыбы талқыланады
2015 жылғы 30 қаңтарда сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымымен (БҰҰ Әйелдер) бірлесе ұйымдастырылып отырған «Еңбек көші-қоны мәселелерін адам құқы мен гендерлік аспектілерді сақтай отырып БАҚ-та жариялау (Орта Азия елдері мысалында)» атты дөңгелек үстел өтеді.
26.01.2015 ҚазҰУ студенттері самбодан жеңімпаз атанды
2015 жылы 23-26 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан әйелдер және ерлер арасындағы Әлем Кубогының кезеңі өтті.
23.01.2015 «Сұңқарлықтар» өз жоспарларын Елбасы жолдауымен байланыстырады
ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отырысында кәсіподақ төрайымы Айдана Сыдықованың төрағалығымен Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауына байланысты семинар-отырыс өтті. Семинарда жастар Елбасы жолдауындағы өзекті бағыттарға көңіл бөліп, ойларын ортаға салды.
21.01.2015 «Жастар және қазіргі заманғы ғылым» атты халықаралық студенттік ғылыми конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы 2015 жылдың 27 ақпанында «Жастар және қазіргі заманғы ғылым» атты халықаралық студенттік ғылыми конференция өткізеді.