- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
13.11.2014 Елбасымыздың жолдауында білім беру, ғылым саласына қатысты айтқан ойлары отандық ғалымдарымыздың заманауи, тың идеяларын жүзеге асыруға жаңа серпін берері сөзсіз - П.Үркімбаева
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы жолдауында білім беру, ғылым мәселелеріне қатысты айтылған жайларды ерекше ықыласпен тыңдадық. Президент Қазақстандағы адам каптиалын сапалық жағынан өсіру үшін білім беру мәселесіне назар аудару керектігін баса айтты. Мәселен, жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамсыз ету мәселесі.
13.11.2014 «Нұрлы Жол» Жолдауын тұрақты даму және адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болашақтың бағдаршамы деп қабылдаймын - Б.Ермекбаева
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы Жол» Жолдауын тұрақты даму және адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болашақтың бағдаршамы деп қабылдаймын.
12.11.2014 ҚР оқу орындарына жасыл офис принциптерін енгізу тақырыбына арналған семинар өтеді
2014 жылдың 14 қарашасында ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде "Қазақстанның оқу орындарына жасыл офис принциптерін енгізу" тақырыбында семинар өтеді.
12.11.2014 ҚазҰУ өкілдері Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Супхи Атанның қабылдауында болды
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының өкілдері кафедра меңгерушісі, филол. ғыл. докторы, проф Г.Қ. Ихсангалиева, халықаралық ынтымақтастық және ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің декан орынбасары Ж.С.Нұржанова, филол.ғыл. докторы, проф. А.Е.Саденова Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Супхи Атанның қабылдауында болды.
11.11.2014 «Жастардың қалауы – «Жасыл университет» атты экологиялық акция өтеді
География және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасының «Қазақстанның оқу орындарында жасыл кеңсе қағидаларын енгізу» ҒЗИ экология мәселелері және Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамымен бірлескен жобасы аясында 12.11.2014 жылы сағат 1400 Қазақ ұлттық университетінде «Жастардың қалауы – «Жасыл университет» атты экологиялық акция, флешмоб өтеді.
11.11.2014 ҚазҰУ-да «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауының ақтық сыны өтеді
14-қараша күні Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауының ақтық сыны өтеді. Шара сағат 17-00 де басталады.Бұл байқауларды өткізудегі мақсат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету, жастардың жеке тұлға ретінде дамуына, рухани кемелденуіне жәрдемдесу, заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.
11.11.2014 Хинди тілінің халықаралық күні мен Дивали мейрамы ҚазҰУ-да өтті
Шығыстану факультеті, түркітану және үндітану кафедрасы, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Хинди тілінің халықаралық күні мен Дивали мейрамдарына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
10.11.2014 Назар аударыңыз! Физика пәні бойынша республикалық олимпиада
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 14-қараша күні жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековті еске алуға байланысты Республикалық ЖОО-ның 1-2ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.
07.11.2014 «Қорқыт бабамыздың мол мұрасымен танысайық!» атты кеш өткізіледі
2014 жылдың қараша айының 14 жұлдызында биофизика және биомедицина кафедрасының және «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасына сәйкес «Қорқыт бабамыздың мол мұрасымен танысайық!» атты кеш өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық.
05.11.2014 ҚазҰУ-да «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» атты халықаралық конференция өз жұмыс бастады
Бүгін Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» атты халықаралық конференция ашылды. Адамзаттың жаһандық мәселелері жөніндегі әлемдік деңгейдегі үш күндік кездесу ғалам дамуының осы заманғы парадигмасын, болашақтың жаңа үлгісін жасау үшін беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің бастарын қосты.