- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Шәмшиденұлы Әбдірамановтың қатысуымен «Елші сағаты» өтті.

18 қазанда Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтың және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры М.М. Бүркітбаевтың қатысуымен қаламыздың дәстүріне айналған велошерудің осы маусымдағы салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл шарадан ҚазҰУ-дың жалынды студенттері де құр қалған жоқ. Барынша іс-шараға белсене атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты.

2014 жылдың 24 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде (сағ. 16:00, 218-дәрісхана) филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді.

2014 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті «Жібек Жолындағы (Қазақстан-Қытай) сауда-экономикалық ынтымақтастық: құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум өткізеді.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасы табиғат аясында ерекше дәріс өткізді. Дәрісті баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлы ұйымдастырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының жанында азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

22 қазанда (сағ. 10:00, №230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында) Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, «Қазақстан» РТРК қолдауымен тұңғыш қазақ дикторы, ұлттық дикторлық мектептің негізін қалаған Мина Сеитованың 95-жылдық мерейтойына арналған Бірінші Сеитова оқулары аясында «Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.
16 қазан механика-математика факультетінде Cisco елшілігі мен ақпараттық жүйелер кафедрасы халықаралық EMEA International 2014 CCNA NetRidersолимпиадасының екінші туры өтті.

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті. Мерейлі шара Германиядағы «Frankfurter Buchmesse-2014» деп аталатын 66-шы халықаралық кітап көрмесі аясында өткізілді.

Филология факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Жүз кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында оқырмандар конференциясын өткізді.