- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
29.09.2014 ҚазҰУ студенттері – Азиада чемпиондары
Алматы әуежайында ҚазҰУ жаттықтырушылары, студенттер мен оқытушылар үлкен қуанышпен Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XVII Азия ойындарының жеңімпаздарын Елдос Сметов, Мәриям Ордабаева, Дмитрий Баландинді қарсы алды. Жанкүйерлер өз батырларын құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, олардан қолтаңба алды.
29.09.2014 «Ана тілім – қазынам» атты эссе жазу сайысы өтті
Тілдің мерейін, мәртебесін асырып, қадір-қасиетін танытуда, тынысын кеңейтіп, қолданылу аясын, өрісін ұлғайтуда, шын мәнісіндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әр кезеңнің, әр буын өкілдерінің атқарар міндет-парызы жалғасын таба берері сөзсіз. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізген «Тілдер» апталығы аясында «Ана тілім – қазынам» атты эссе жазу сайысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері де бақтарын сынап, толғауы тоқсан қызыл тілдің шынайы болмысын, қоғам, адам өміріндегі өлшеусіз орнын, ең құнды, ең қымбат қазына екенін қал-қадерінше танытып, ана тілінің мерейін асқақтатуға өз үлестерін қосты.
26.09.2014 Сағымбай Қозыбаев – 70 жаста
Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Қ Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
25.09.2014 «Құмбел» шыңын бағындыруға қатыс!
2014 жылдың 5 қазан күні рекреациялық география және туризм кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған дәстүрлі тауға шығу ұйымдастырады.
25.09.2014 АҚШ-тан келген студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдады
АҚШ-тың бірнеше американдық университеттерінің студенттері бір жарым жылдан бері, «Флагман» бағдарламасына қатысып, орыс тілінен емтихандар мен сынақтар тапсырған, эссе жазған, сұхбаттар берген – оның бәрі өздерінің әрі қарай Қазақстанда білім алуға деген құзіреттіліктерін дәлелдеу. Міне, енді қыркүйекте 26 жеңімпаз білім алуға еліміздегі жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға, Алматыға келді.
24.09.2014 ҚазҰУ-да Ланчжоу университетінің өкілдерімен кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев, Ланчжоу университетінің ректоры Ваң Чың, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Дың Сиан Лиң, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдығының мәдениет және оқу-ағарту ісі бойынша вице-консулы Гао Чэн кездесті.
24.09.2014 ҚазҰУ-да Ұлы Витаутас атындағы университет өкілдерімен кездесу өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығының бірлесуімен, Ұлы Витаутас (Каунас қ.) атындағы университеттің өкілдері профессор Анджей Пукшто (Andzej Puksto) мен Константинас Курзеваспен (Konstantinas Kurzevas) кездесу өтті.
24.09.2014 «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты мерекелік кеш өтеді
26 қыркүйекте заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған іс-шара өткізеді.
24.09.2014 «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты әдеби кеш өтеді
24 қыркүйек күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тілдер мерекесіне арналған әдеби кеш өтеді.
23.09.2014 «Тіл - ұлттың жаны» атты мерекелік кездесу өтеді
23 қыркүйекте журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен тіл мерекесіне арналған «Тіл - ұлттың жаны» атты мерекелік кездесу өтеді.