- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова көшбасшылық дәріс оқыды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №6 (1874) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораториялары жетістіктерін таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Гонконг политехникалық университетінің қолданбалы әлеуметтік ғылым департаменті Қытай және жаһандық даму желісінің директоры Бенжамин Ку бастаған делегацияны қабылдады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда ағымдағы жұмыс мәселелерімен қатар білім беру бағдарламаларының сапасы талқыланды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Санат Ахановпен кездесті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төл басылымы – «Qazaq universiteti» газетінің жарыққа шыққанына биыл 75 жыл толады. Газет 1948 жылдан бергі университеттің ішкі өмірін, ғылыми жетістіктерін, оқу-әдістемелік бағыттағы жұмыстарын, факультеттерде өтіп жатқан басты жаңалықтарын жариялайтын мінбері.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №5 (1873) саны жарық көрді.

(13-17 ақпан, 2023 жыл)