- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

20 наурыз (сағат 15.00, механика-математика факультетінің Қызыл залы) университеттің 80-жылдық мерейтойына арналған «Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді.

2014 жылы 3-5 сәуір күндері сағат (10.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, 3 зал) Респбуликалық «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы, «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, «Медиалэнд» интелелктуалды белсенділік күні өтеді.

18 – 19 наурыз (сағ: 17.00) 2014 жылы ҚазҰУ спорт кешені, шахмат клубы нда жатақханада тұратын студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Команда құрамы 3 адам. Бас төреші: Айнұр Молдахметова.

Биология және биотехнология факультетінде университет студенттерінің «Жастарды рухани тәрбиелеудегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

2014 жылдың 14 наурызында (сағат 15:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің № 2 лекция залында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі ҚазҰУ студенттерімен биология және биотехнология факультетінің деканымен, дене тәрбиесі және спорт, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу өткізіледі.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фрэнсис Этьен және «Geo-energy» франко-қазақ зерттеу орталығының директоры Пегги Скремин келді.
13.03.2014 Ең үздік 13 студенттік топ анықталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2014» байқауының алғашқы додасы аяқталды.

2014 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Әл-Фараби Орталығы және Қазақстандық Философия Конгресінің Алматы бөлімі «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.
12.03.2014 «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді
8-11 сәуірде «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді.
12.03.2014 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS» халықаралық семинары өтеді
Наурыз айының 13-14 күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus)» халықаралық семинары өтеді.