Жаңалықтар

Жаңалықтар


24.02.2014 Жасұлан ең үздік студент атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Ж.Қ. Қайырбеков органикалық катализ және мұнайхимия саласындағы жетекші ғалым және практик химия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Кабиев атындағы шәкіртақы ұсынды.


24.02.2014 «Өлең мен сені аялап өтемін» атты лирикалық жыр кешіне келіңіз

ҚазҰУ-дың «100 кітап» жобасы аясында «Өлең мен сені аялап өтемін» атты Фариза Оңғарсынованың лирикалық жыр кеші өтеді.


21.02.2014 ҚазҰУ студенттеріне халықаралық стипендиялық оқу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар

АҚШ-тың Global UGRAD халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы бір семестрге немесе бір оқу жылына арналған стипендиялық оқу бағдарламасына қатысуға шақырады.


21.02.2014 «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өткізілді.


20.02.2014 Конференцияда жемқорлықтың жаһандану жағдайы қаралды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыспен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай түрінде студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізді.


20.02.2014 «Фемида» клубы “ҚазҰУ-ым – рухани байлығым” атты жинақ шығарады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірі. Осы жылы университетке 80 жыл толып отыр. ҚазҰУ Қазақстан экономикасының мәдениеті, ғылым мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосады және мамандарды дайындаудағы жоғары мектеп болып табылады. ҚазҰУ жоғары білім беру сапасы, халықаралық мойындаушылық, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялылық, мықты профессорлық-оқытушылық құрам және дарынды түлектерін мақтан тұта алады.


20.02.2014 «Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

27 ақпанда 2014 жылы (сағ. 12:00) заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және «Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.


20.02.2014 "Шығыс әлемі" студенттік клубында дөңгелек үстел өтті

«Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді.


20.02.2014 Заң факультеті «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді

19 ақпанда заң факультетінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «100 кітап» университеттік іс-шара аясында өткізіліп отырған жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақиық ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді.


20.02.2014 «Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

4 наурыз күні сағат 15.00-де Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасы Түлектер қауымдастығы – жұмыс берушілер кеңесінің қатысуымен «Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.