- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
20.02.2014 Санкт-Петербург мемлекеттік университеті профессоры Д. Гавраның дәрісі өтеді
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында 2014 жылдың 24 ақпаны мен 7 наурызы аралығында (сағ.10.00-13.00) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, факультет деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік ғылымдар докторы Дмитрий Петрович Гавраның студенттер мен магистранттарға, PhD докторанттар мен барлық өз еркімен қатысушы тұлғаларға арналған «Қазіргі ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникациялар мен саяси PR», «Коммуникациялар дағдарысы мен PR дағдарысы» атты дәрістері өтеді.
19.02.2014 Хабарландыру!
2014 жылдың 20 ақпан күні сағ. 15-00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Музейі мен Жастар ұйымдары Комитеті бірлесіп пікірталас аясында студенттік «Университеттің тұрақты дамуындағы Ғылым, Естелік, Педагог» атты семинар өткізеді.
19.02.2014 Профессор Ж. Нұршайықова орденмен марапатталды
«Отандық ғылымның алтын қоры» ұлттық бағдарламасы аясында және Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциум» марапаттау комиссиясы шешімімен LABORE ET SCIENTA – ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ ордені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Ә. Нұршайықоваға берілді.
19.02.2014 ҚазҰУ-да оқырмандар конференциясы өтеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы университеттің ғылыми кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторымен бірлесіп өткізетін көрнекті жазушы Т.Әбдіковтің «ПАРАСАТ МАЙДАНЫ» повесі бойынша республикалық оқырмандар конференциясына шақырамыз.
19.02.2014 «Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
2014 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мекемесінде ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының құрамымен «Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
19.02.2014 Үздік студенттер марапатталды
Ә. Бектұров атындағы Қазақстан химия қоғамы және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында байқау өтті.
18.02.2014 «ҚазҰУ айнасы» жобасы бойынша кастинг өтеді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер кәсіподағы мен студенттік оқу-тәжірибелік «Шуақ» жастар журналының бірлескен «ҚазҰУ айнасы» жобасы бойынша КАСТИНГ жариялайды.
18.02.2014 ҚазҰУ студенттері "Жарқын жұлдыз" байқауын өткізеді
27 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Көмек» студенттік еріктілер қозғалысы Биология және биотехнология факультетінде (2 зал, сағ. 14:30) кезекті іс-шара өткізгелі отыр. Мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында «Жарқын Жұлдыз» атты ән-би-аспаптық байқау өткізіледі.
18.02.2014 Студенттер әл-Фараби трактаттарын талқылады
Заң факультетінде «ҚазҰУ-дың студенттері оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әл-Фараби трактаттарындағы саяси-құқықтық ой-толғамдар: өміршеңдігі, өзектілігі және маңызы» тақырыбында оқырмандар кеші өтті.
18.02.2014 «ЖОО-да баскетболдан сабақ берудің ғылыми-әдiстемелiк негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді
2014 жылдың 19 ақпанында (сағ. 11: 30) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң биология және биотехнология факультеті дене тәрбиесi және спорт кафедрасы «ЖОО-да баскетболдан сабақ берудің ғылыми-әдiстемелiк негізі» (үйренудiң әдіс-тәсілі мен жақсарту жолдары) дене шынықтыру және спорт мамандығының профессор-оқытушы құрам жаттықтырушылары, дене тәрбиесінiң мұғалiмдерi және студенттерi үшiн республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізіледі.